Аиздар тұқымдасы"Қазақ Энциклопедиясы" (Aіzoaceae) – бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Негізінен Оңтүстік Африка аймағында өседі. Қазақстанда 1 туысы шоғыршақ бар. Аиздар тұқымдасына жататын өсімдіктердің жапырақтары таспа тәрізді, сабақтың буынына шоғырланып сағақсыз орналасады. Гүлдер пішіні дұрыс, қос жынысты, тостағанша жапырақшалары 5 бөлікке бөлінген, күлтелері болмайды. Ұсақ гүлдері сабағының ұшында, шатырша гүлшоғырына топталған. Аталығының саны 5 – 20, көбінесе шоқ-шоқ болып өседі. Жатыны 3 – 5 ұялы.
Маусым – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі 3 – 5 жақтаулы қауашақ. Дереккөздер
Санат:Қос жарнақтылар