Айдархан бөгені — Қараөзеннің төменгі сағасындағы бөген.

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысының Казталов және Жаңақала аудандары жерінде орналасқан. 1974 жылы іске қосылды.

Гидрологиялық сипаты Аумағы — 55,7 км², ұзындығы — 21,0 км, енді жері — 4,5 км, орташа тереңдігі — 0,95 м, ең терең жері — 9,1 м. Суының көлемі — 52,3 млн м³. Су жиналатын алабы — 12 700 км². Бөген суымен 14,6 мың га жер көлдете суғарыладыҚазақ энциклопедиясы.

Дереккөздер

Санат:Батыс Қазақстан облысы гидрографиясы