Айыртарақ , триходесма () – айлауыктар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін не бұташық өсімдіктер туысы. Қазақстанда Қаратау, Батыс Тянь-Шань, Қырғыз Алатауында өсетін 1 түрі – ақбас А. (Т. іncanum) бар. Биікт. 30(50) – 100 см. Тамырсабағы тармақталған, бұтақты, сабақтары тік кейде жатаған болады, киіз сияқты түк басқан. Жапырақтары ұзынша-қандауыр тәрізді. Тостағаншасы жұмыртқа-қоңырау тәрізді, күлтесі көкшіл түсті. Аталығы отырыңқы, аналық мойны ұзын, гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Жемісі – көкшіл қоңыр түсті жаңғақша.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Суреттер
Дереккөздер
Санат:Айлауықтар