Ақорпа — Бозащы түбегінің солтүстік бөлігіндегі құдық. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы жерінде орналасқан.
Тереңдігі 4 м, су шығымы 1400 л/сағ. Солтүстігі тақыр жазықты, батысы сортаңды болып келеді. Батысында Үлкенсор қонысы мен мұнай кен орындары орналасқан. Маңында Кіндікті, т.б. қыстаулар бар.Қазақ энциклопедиясы, ҚР табиғаты
Атаудың сөзжасамдық сипаты Атау аналитикалық тәсіл арқылы жасалған. Ақ (сын есім) және орпа (зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған. Орпа – аузы кең, тайыз, әрі шегенделмеген құдық. Құдық қазылған жердің топырағының ақ болуына орай аталған атау.
Дереккөздер
Санат:Маңғыстау ауданы географиясы Санат:Қазақстан құдықтары