Ақ селеу () – астық тұқымдасының селеу туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.Қазақ энциклопедиясы 7- том, ҚР табиғаты Қазақстанның барлық облысында, әсіресе, оңтүстік аймақтарда жиі кездеседі. Ақ селеу көбінесе құмды және құмдауыт жерлерде, орманды алқаптардағы қара топырақты аудандарда жақсы өседі. Биіктігі 30 – 40 (60) см, сабағы түбінен шоғырланған, жалаң тықыр. Тамыр сабағының ұзындығы 10 м-ге дейін жетеді. Жапырағы жіңішке (3 мм). Мамыр – маусым айларында гүлдейді. Дәнегі пісісімен жер бетіндегі бөлегі қурап қалады. Ақ сеуел масақтанғанға дейін жақсы мал азығы. Шөбінің сапасы орташа, өнімділігі 3 – 5 (10) ц/га. Жайылмалы құмды жақсы бекітеді. Тамыры сапалы щетка жасауға пайдаланылады.

Дереккөздер

Санат:Астық тұқымдасы