Ақсу, Белая – Бұқтырманың оң саласы.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 71 км, су жиналатын алабы 1130 км2.

Бастауы Қызылқарағай жотасының оңтүстік-шығыс беткейінен басталады.

Гидрологиясы Қар, жауын, жер асты суларымен толығады. Арнасы тік жарлы, ағысы жылдам. Мал суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы 7- том, ҚР табиғаты

Дереккөздер

Санат:Ертіс су алабы Санат:Катонқарағай ауданы өзендері