Ақтөбе – Өскемен қаласының солтүстік-батысындағы тау.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Ертіс өзенінің аңғарында орналасқан.
Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 476 м. Таудың беткейлері жонды қырқалармен, сай-жыралармен тілімденген.
Өсімдігі Баурайындағы қара топырағында бұталы ағаштар, боз, селеу, көкшұнақ, бетеге өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ұлан ауданы таулары