Ақшат гипс кен орны - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде орналасқан. Батысы мен шығысында Жылантау брахиантиклинальдарымен ұштасқан. Геологиялық барлау жұмыстары 1985–1988 жылдары жүргізілген.
Жатыс сипаты
Кунгур ярусында жатқан өнімді қабатының қалыңдығы 5-тен 30 м-ге дейін. Екі бөліктен тұратын жалпы қалыңдығы 5 – 12 м аралығында. Кен орны саз, құм, аргиллиттің жұқа қабықты қатпарларымен бөлінген. Гипстер негізінен ақшыл сұр түсті келеді.Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том
Дереккөздер
Санат:Ақтөбе облысы кен орындары