Ақшоңғал Оба () – Үбі өзенінің оң саласы.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы жерімен ағатын өзен. Ұзындығы 51 км, су жиналатын алабы 590 км2.

Бастауы Алтайдағы Қорған жотасының батыс беткейінен басталады.

Гидрологиясы Жоғарғы ағысында жағасы тік жарлы, төменгі ағысында арнасы жайылып, ағысы баяулайды. Қар, жауын, жер асты суларымен толығады. Су деңгейі көктемде көтеріледі. Егін, мал суаруға пайдаланылады.Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том

Дереккөздер

Санат:Глубокое ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы