Алакөл — Ақмола облысы Ақкөл ауданы Көмей ауылының солтүстігінде 12-14 км жердегі көл.

Гидрографикасы Аумағы 7,6 км2. Көл теңіз деңгейінен 260 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 4,9 км, енді жері 2,1 км, жағалау бойының ұзындығы 14,1 км. Су жиналатын алабы 273,0 км2. Көл табаны лайлы. Батысынан Дуанбай өзені құяды. Кермек татитын суы мал суаруға пайдаланылады.

Санат:Ақкөл ауданы көлдері