Алматы қорықшасы – сирек кездесетін әрі жойылып бара жатқан жануарларды қорғау мақсатында Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Қарасай, Райымбек және Талғар аудандары аумағында 1978 жылы құрылған мемлекеттік қорықша. Теңіз деңгейінен 1000 – 3400 м биіктікте орналасқан. Аумағы 724 мың га.
Флорасы мен фаунасы Қорықшада өсімдіктің 590-нан астам түрі (мүк, қына, саңырауқұлақ, жабайы алма, өрік, долана, сарыағаш, ұшқат, т.б.); аң мен құстың 180 түрі (марал, арқар, таутеке, елік, барыс, жабайы шошқа, аю, сілеусін, ұлар, кекілік, бұлдырық, жетісу қырғауылы, т.б.) мекендейді. Алматы қорықшасында тіршілік ететін Тянь-Шань қоңыр аюы, шұбар күзен, Орта Азия тас сусары, Түркістан сілеусіні, арқар, барыс, орақтұмсық, сақалтай, жұртшы, бүркіт, көкқұс Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Сондай-ақ онда тоғай бұғысы, бұлғын, қоян, сарышымшық пен ақ тиін жерсіндірілген.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Қазақстан қаумалдары Санат:Алматы облысы географиясы