Air Astana (заңды атауы «Эйр Астана» АҚ) — Қазақстанның Алматы қаласында орналасқан әуекомпания. Бұл Алматы халықаралық әуежайы мен Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан 42 бағыт бойынша ішкі және халықаралық тұрақты рейстерді орындайтын Қазақстандағы ең ірі әуе компаниясы. Компания 2001 жылдың қазан айында құрылған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры (51%) мен британдық BAE Systems PLC (49%) компаниясының бірлескен кәсіпорны болып табылады. 2002 жылы 15 мамырда Алматы – Астана бағытында алғашқы рейсін орындады.
Тарихы 2012 жылдың қаңтарында "Air Astana" Centre for Asia Pacific Aviation "басқа тасымалдаушылармен салыстырғанда бірінші онжылдықта үздік нәтижелерді көрсеткен" деп аталды (CAPA, Әуекомпанияларды талдау, 9 қаңтар 2012 жыл), дегенмен, оның пайда болуы соңғы кезде авиациялық саладағы ең қызықты оқиғалардың бірі болып табылады. Компания басында ішкі бағыттарға қызмет көрсететін тасымалдаушы болып құрылған. 2000 жылдың соңында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен BAE Systems ел өкіметімен әуе шабуылына қарсы қорғанысты жаңғырту бойынша келіссөзді жылжыту мақсатымен әуекомпанияны құруға келіскен. BAE Systems сол кездегі төрағасы сэр Ричард Эванс мәмледе негізгі рөл ойнаған. Дегенмен, ӘШҚҚ бойынша контракт жасалмаған, ал жоғары басшылықтағы кейінгі өзгерістер мен BAE Systems стратегиялық көзқарастары Қазақстандағы кеңселердің жабылуына әкеп соқты. Сондай-ақ, Назарбаевтың қолдауына қарамастан бастапқыда шетел заңды тұлға ретінде қарастырылған компания қазақстандық БАҚ және саясаткер жағынан қарсылыққа тап болды.
2002-2005 нобай|Эйр Астана әуекомпаниясының Boeing 757 ұшағы Халықаралық Алматы әуежайынан ұшуда. British Airways бұрынғы жетекшісі, бірінші президенті Лойд Пакстонның басшылығымен компания лизингке алғашқы 3 Boeing 737 International Lease Finance Corporation алды. Сосын Aircraft Finance Trading BV (AFT) 4 "Фоккер-50" және Pegasus Leasing Corp. 3 Boeing 757 лизингке алды. Жұмыстың бірінші толық жылынан кейін 2003 жылы компания таза пайда туралы жариялады. "Эйр Қазақстан" бұрынғы ұлттық тасымалдаушының 2004 жылдың ақпанында банкроттығынан кейін әуетасымалдаушы өз ұшу картасын басты халықаралық бағыттары бойынша кеңейте бастады: Дубай, Ыстамбұл, Мәскеу, Бейжің, кейін Франкфурт және Лондон.
2005-қазіргі уақыт 2005 жылдың 1 қазанынан Питер Фостер әуекомпания президенті болып тағайындалды. Бұрын Cathay Pacific Airways басшысы, Philippine Airlines компаниясының сауықтыру тобын басқарған, Royal Brunei Airlines бас директоры болған. Құрылған ұзақ мерзімді даму жоспарлары мен менеджмент құрылымы әлі күнге дейін өзгермес болып қалды. Құрылған сәттен бастап тасымалдаушы бұлжымас пайдалылықты көрсетті және 20 пайдалы (таза пайда) компаниялардың тізіміне 2010, 2011, 2012 жылдары Airline Business және Air Finance Journal нұсқасы бойынша енді және соңғысы оны 2015 жылғы әуекомпаниялардың қаржы жағдайы әлемдік рейтингісінде 20 орынға, BBB- рейтингісімен қойды.
BAE Systems 2013 жылғы жұмысының қорытындысын жасай отырып, Financial Times "қазақстандық Air Astana 49% BAE қатысу үлесімен компанияның мол табысты инвестициялардың бірі болды" деген.
2016 жылдың 8 желтоқсанына дейін «Эйр Астана» Еуропалық Одаққа ұшуға лицензиясы бар жалғыз қазақстандық әуе компания болды.
«Эйр Астана» 2017 жылғы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өткен Қысқы Универсиаданың ресми тасымалдаушысы және бас серіктесі, сондай-ақ 2017 жылғы «ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми әуе тасымалдаушысы» болды.
«Эйр Астана» әуе паркі 29 ұшақтан тұрады. FlyArystan тәуелді компаниясының ұшақтарын қосқанда «Эйр Астана» компаниялар тобында 42 ұшақ жиналған (2022 жылғы желтоқсан айы бойынша). 2022-2023 жж. әуе компания флоты көбінесе Airbus A320 жанұясына кіретін ұшақтардан тұрады. Сонымен қатар әуе компания паркінде үш Boeing 767 және бес Embraer 190 E2 ұшағы бар. 2025 жылдың ортасына таман әуе компания тобы бойынша ұшақ санын 59-ға жеткізуді жоспарлап отырSeet, Charlotte. 24 More Planes By 2025: Air Astana Group Lays Out Its Growth Plans. https://simpleflying.com/air-astana-growth-plans/ (21 December 2022).
2023 жылдың Қыркүйек айы бойынша, «Эйр Астана» әуе паркі 49 ұшақтан тұрады.
Қызметі Ресейдегі қызметі 2002 жылдың қыркүйегінде әуекомпания Астана мен Мәскеу қалалары арасында аптасына 3 рет жиіліктегі рейстерді және Алматы мен Мәскеу қалалары арасында күнделікті рейстерді Boeing 737-700 ұшағымен ашты. 2014 жылы Астана - Мәскеу бағыты бойынша рейстер саны аптасына 9-ға дейін, ал Алматы - Мәскеу бағыты бойынша рейстер саны 14-ке дейін ұлғайтылды. Covid 19 пандемиясына дейін әуекомпания Ресейге 11 бағыт бойынша 54 апталық рейс орындады: Алматы - Мәскеу Airbus A321 және Boeing 767, Астана – Мәскеу, Алматы – Санкт-Петербург Airbus A320, Астана – Новосибирск, Астана – Екатеринбург, Астана – Омбы, Астана – Санкт-Петербург, Алматы-Қазан Embraer 190.
2020 жылғы наурыздан мамырға дейінгі пандемиядан туындаған үзілістен кейін әуекомпания Алматы мен Астана қалаларынан Мәскеу қаласындағы Домодедово халықаралық әуежайына ұшуды, сондай-ақ Алматы-Санкт-Петербург бағыты бойынша рейстерді қалпына келтірді. Рейстер S7 Airlines әуекомпаниясымен код-шеринг келісімі бойынша орындалды. Сонымен қатар, FlyArystan Қарағанды халықаралық әуежайынан Домодедово халықаралық әуежайына, сондай-ақ Алматыдан Новосібірге рейстерді орындай бастады.
2022 жылғы 11 наурызда Эйр Астана Украинадағы соғыс нәтижесі салдарынан бірқатар маңызды іскер серіктестерге салынған ықпалшаралар мен шектеулерге байланысты Ресей аумағына/аумағынан/үстінен ұшатын барлық рейстерін тоқтатты.
ТМД-да қызметі Air Astana географиялық артықшылығын пайдалана отырып маршруттық желіні қысқа қашықтықтағы рейстермен аймақтағы барлық негізгі қалаларды қамту арқылы кеңейтті. Орталық Азия және Кавказда Air Astana Бішкек (Қырғызстан), Ташкент (Өзбекстан), Баку (Әзірбайжан), Тбилиси (Грузия), Киев (Украина) және Душанбеге (Тәжікстан) қалаларына Алматыдан және Астанадан қатынайды. Жаһандық пандемия кезеңіндегі үзілістен кейін 2020 жылдың наурызынан мамырына дейін аталған маршруттар қайта жанданды, сондай-ақ FlyArystan Кутаисиге (Грузия) рейстерді орындауды бастады.
Қытай мен Кореядағы қызметі Пандемияға дейін әуекомпания Алматы мен Астана қалаларынан Бейжің қаласына күнделікті рейстерді, сондай-ақ Қытайдың батысындағы Үрімші қаласына рейстерді орындады. 2020 жылдың шілдесінен бастап Чэнду халықаралық әуежайына жолаушылар чартерлік рейстері, сонымен қатар Қытайдың әртүрлі нүктелеріне чартерлік жүк рейстерін тасымалдауға жартылай ауыстырылған Boeing 767 әуекемесімен қайта жалғасты. Жолаушылар сұранысының өсуіне байланысты 2021 жылдың қыркүйегінде жолаушылар әуекемесіне қайта ауыстырылды.
Пандемиядан кейін Корея үкіметінің жол жүру шектеулеріне байланысты Кореяның Сеул қаласына Алматыдан күн сайын және Астанадан аптасына екі рет ұшатын рейстер Алматы мен Сеул қалалар арасында аптасына бір рейске дейін қысқартылды. Алматы мен Гонконг арасындағы әуерейстері белгісіз мерзімге тоқтатылды.
2023 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша Бейжің мен Сеулге баратын барлық рейстер пандемияға дейінгі ұшу жиіліктеріне қалпына келтірілді.
FlyArystan 2018 жылдың қараша айында "Air Astana" FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясын ашу жоспарын жариялады. Жеке басқару құрамымен FlyArystan әуекомпаниясы өз қызметін 2019 жылдың 1 мамырында 180 орындық конфигурациясы бар бірнеше Airbus 320 әуекемесімен және "Air Astana" негізгі әуекомпанияның пайдаланушы сертификатын (AOC) қолдана отырып лоукосттың классикалық моделі бойынша жұмыс жасады, 2020 жылғы қаңтар айындағы жағдай бойынша FlyArystan 10 A320 ұшағын пайдалануда, тағы 7 ұшақ 2023 жылға дейін тапсырыста тұр. FlyArystan жолаушылар ағымының жоғары өсуі (2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы 553%) 2021 жылы Қазақстанның әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан отандық авиация нарығына айналуына ықпал етті.
ИКАО және ЕО Әуекомпания маршруттық желісінің дамуына реттеуші факторлар 2009 жылдан 2014 жылдың сәуіріне дейін елеулі ықпал жасады. 2009 жылдың сәуірінде Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ICAO) Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті бақылау міндеттерінде сәйкессіздіктерді тапқан. Соб себеппен Еуропалық Әуе қауіпсіздігі комитеті барлық Қазақстанда тіркелген әуекомпанияларға Еуропа одағынан/одағына ұшуға тыйм салды. "Эйр Астана" жалғыз бұл қара тізімнен шығарылған.
ЕО-ға кіруге соңғы тыйым салынған Embraer ұшақтарына қойылған шектеулер 2015 жылдың желтоқсанында алынып тасталды.
Жаһандық пандемия кезінде әуекомпания Батыс Қазақстанға мұнай кен орындарының негізгі қызметкерлерін жеткізу үшін Атырау мен Амстердам арасында (сол кездегі жалғыз халықаралық бағыт болды) рейстерді орындады. 2020 жылдың шілде айынын бастап әуекомпания Еуропаға басқа бағыттарды қалпына келтірді, ал 2022 жылдың қаңтарына дейін әуекомпания Астанадан Франкфуртқа (Lufthansa German Airlines компаниясымен код-шер келісімімен) және Лондон Хитроу әуежайына, Амстердам мен Франкфуртқа Атырау мен Оралдан ұшатын рейстер орындады.
2023 жылдың мамырынан бастап Франкфурт пен Амстердамға барлық рейстер пандемияға дейінгі жиіліктерге қалпына келтірілді. 2023 жылдың маусым айындағы жағдай бойынша Алматыдан Лондонға және Ақтаудан Лондонға рейстер аптасына 5 рет, ал Алматыдан Ираклионға рейс аптасына 4 рет орындалады.
Серіктестік «Эйр Астананың» келесі компаниялармен кодшейр келісімі бар (2016 жыл ақпан айына сәйкес): Asiana Airlines (Star Alliance) Austrian Airlines (Star Alliance) Air India (Star Alliance) Bangkok Airways Cathay Pacific Etihad Airways Turkish Airlines (Star Alliance) Hong Kong Airlines Air France (2 ақпан 2016 жылы келісім Астанада жасалды) KLM (2 ақпан 2016 жылы келісім Астанада жасалды)
Ұшақтар паркі нобай|220x220 нүкте|Эйр Астананың Boeing 767-300ER ұшағы нобай|329x329 нүкте|Эйр Астананың Airbus A321neo ұшағы нобай|оңға|319px|Эйр Астананың Boeing 757 ұшағы. 2015 жылы Таиландтың Суварнабхуми әуежайында түсірілген. нобай|оңға|322px|Эйр Астананың бұрыңғы флотында болған Boeing 737 ұшағы. Қазіргі ұшақтар паркі Air Astana әуекомпаниясы келесі ұшақтардан тұрады (2022 жылғы желтоқсан айы бойынша)Air Astana презентовала новый борт на свой 20-летний юбилейhttps://newtimes.kz/obshchestvo/161264-air-astana-prezentovala-novyj-bort-na-svoj-20-letnij-yubilej [14 желтоқсан, 2022]: + Эйр Астана ПаркіҰшақ АтауыҰшақСаныТапсырысЖолаушылар (Business*/Economy)ҚосымшаAirbus A320neo5—148 (16/132)Airbus A321-2002—179 (28/151)Airbus A321neo4—179 (28/151)Airbus A321LR10—166 (16/150)Boeing 767-300ER3—223 (30/193)Boeing 787-9 ұшақтарымен ауыстырылатын болады.Boeing 787-9—32025 жылдың бірінші жартысында жеткізіледі. Air Astana-ның үш 787-8-ге сатып алу тапсырысы 787-9 операциялық лизинг тапсырысына ауыстырылдыWaldron, Greg. Air Astana chief eyes big 2023 after ‘spectacularly successful’ 2022 https://www.flightglobal.com/airlines/air-astana-chief-eyes-big-2023-after-spectacularly-successful-2022/151399.article (21 December 2022).Embraer 190-E25—108Airbus A320-200101180FlyArystan еншілес әуе компаниясының ұшақ паркі. Он ұшақтың сегізі Air Astana-дан ауыстырылды.Airbus A320neo1—180FlyArystan еншілес әуе компаниясының ұшақ паркі.
Air Astana-дан ауыстырылды.311188FlyArystan еншілес әуе компаниясының ұшақ паркі.
Airbus-тан жаңа жеткізулерБарлығы4513
Флот тарихы «Эйр Астана» ұшақтар флотының тарихы: Ұшақ АтауыҰшақ СаныҚолданысқа енгенҚолданыстан шыққанҚосымшыAirbus A319-100120082018Airbus A319-2001420082021Boeing 737-700220022007Boeing 737-800220022007Boeing 757-200520032020Embraer 190920112020Fokker 50620042013
Қызмет және брендинг Әуекомпания көптеген жылдар бойы жолаушыларға жоғары сапалы қызмет көрсеткені үшін үлкен беделге ие болды, бұған Skytrax, Trip Advisor және APEX-тің көптеген марапаттары дәлел бола алады (төменге қараңыз).