Арқарлы – Айгүл тауының солтүстік-батысындағы асу.
Географиялық орны Жетісу облысы Кербұлақ ауданы жерінде. Батысынан Түрксіб темір жолы және асу арқылы Алматы – Өскемен мемлекеттік автомобильдік жолдары өтеді.
Жер бедері Ең биік жері 758 м. Арқарлы солтүстік-батысында Малайсары жотасымен, оңтүстігінде Итжон үстіртімен шектеседі.
Өсімдігі Беткейіндегі сұр топырағында жусан, бетеге, селеу, т.б. шөптесіндер өседі.
Дереккөздер
Санат:Жетісу облысы асулары