Өндіріс - өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.

Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек: сол өнімді дайындайтын табиғи зат өнімді дайындау үрдісінде пайдаланылатын еңбек құралы адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушы Экономика тілінде өндіріс факторлары деп аталатын бұл төрт элемент тиісінше - жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік ұғымдарымен белгіленеді.

Өндіріс түрі Өндіріс түрі (үлгісі) - өнім номенклатурасы, жүйелілігі, тұрақтылығы мен шығару көлемі кеңдігінің белгілері бойынша айқындалатын, өндірістің классификациялық (топтастыру) категориясы (дәрежесі).

Жаппай өндіріс Жаппай өндіріс - ағымында жұмыс орындарының көбінде бір ғана жұмыс операциясы орындалынатын, ұзаққа созылған уақытта үздіксіз жасалынатын немесе жөнделінетін өнімдер шығарудың үлкен көлемін сипаттайтын өндіріс. Өндірістік қуаттылық Өндірістік қуаттылық - уақыт бірлігіндегі белгілі бір жағдайда ең үлкен көлемде шығарылатын бұйымдардың мүмкінділікті есептеу көлемі.

Өндірістік процесс Өндірістік процесс (іс- амал) - осы өндірісте өнімдерді шығару мен өңдеуге қажетті адамдар мен жұмыс құралдарының барлық іс-әрекетінің жиынтығы.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Aрын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. ISBN 9965-08-234-0

Өндіріс қорлары Өндіріс қорлары - өндіріс процесі кезінде кәсіпорындар пайдаланатын өндіріс құрал-жабдықтары. Өндіріс қоры негізгі қор мен айналым қорынан тұрады.

Өндірісті қайта құру Өндірісті қайта құру - өндірісті негізінен жаңа принцип бойынша қайта құру, (реконструкциялау), қайта жарақтандыру, жабдықтау.Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.

Дереккөздер

Санат:Экономика Санат:География Санат:Түрлер бойынша технологиялар