Бабатоған – Алматы облысындағы Шілік өзенінің Қапшағай су қоймасына құяр тұсындағы төрттік кезеңнің шөгінділерінен түзілген жазық.
Жер бедері Ұзындығы 15–18 км, ені 5–7 км. Теңіз деңгейінен 495–510 м биікте жатыр. Қапшағайға жақын ойысты жерлерінің сортаң тартқан шалғынды топырағында қамыс, ортасының дөңесті сортаңдау топырағында ши мен жусан араласқан сирек тоғайлар мен бұта шоғырлары өседі. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Қазақстан жазықтары Санат:Алматы облысы географиясы