Барғана – Павлодар облысы Аққулы ауданы жерінде, Майқарағай ауылынан шығысқа қарай 10 км жерде орналасқан көл.

Гидрографикасы Аумағы 9,4 км2, теңіз деңгейінен 148,0 биіктікте жатыр. Ұзындығы 4,5 км, енді жері 2,7 км, жағалау бойының ұзындығы 13,2 км.

Жағалау сипаты Солтүстік және шығыс жағалаулары жарлауытты, қалған жағалары жайпақ батпақты, сортаңды келген. Көктемде, жазда мал суаруға пайдаланылады, күзге қарай суы кермек татып кетеді. Тұзды көл.

Санат:Аққулы ауданы көлдері