Бесшоқы – Талды тауының батысындағы тау.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында. Абсолюттiк биіктігі 1095 м. Тау батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-ге созылып жатыр. Енді жері 3 – 4 км.

Жер бедері Солтүстік беткейі тік сай-жыралармен тілімденген, батыс және шығыс беткейлері еңістеу келген. Кейбір жерлердің түпкі жыныстары жалаңаштанған. Батыс бөлігінен Қызылсу өзені бастау алады.

Өсімдігі Таудың қоңыр топырағында боз, селеу, бетеге, жонды-қырқалы баурайында бұталар өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ұлан ауданы таулары