Бізділік - ұшы қашау тәрізді қайралған, геометриялық фигуралар сызуға, яки арнаулы өрнек салуға қолданылатын болат біз. Металға батыра, ырғай отырып өрнектің өрісін толтыруға пайдаланады. Атау екі сөздің бірігіп айтылуынан пайда болған: біз және білдік. Мұның алғашқысы - кәдімгі біз. Білдік деп қырып-қырнап, ойып, ағаштан ыдыс жасаған кезде оны бекітіп, айналдырып тұратын құралды айтқан. Сонда бізділік дегеніміз ырғап, айналдырып отырып өрнек сапатын құрал болып шығады. Оны безеу біз, кейде мыңырғақ деп те атайды. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Терминология