thumb| Бозкілем Бозкілем (Sedum) – жасаңшөптер тұқымдасына жататын бір және көп жылдық өсімдіктер.
Еуразияның қоңыржай белдеулерінде өсетін 600-дей түрі белгілі. Қазақстанда шалғындық жерлерде, өзен-көл жағасында, тау беткейлерінде, орман шетінде, егістіктерде, жол бойында, құмды және сортаң жерлерде кездесетін 9 түрі бар. Биіктігі 10 – 60 см. Сабағы тік не жатаған келеді. Жапырағы етжеңді, қалың, қарама-қарсы не кезектесіп орналасады. Сары, ақ не қызыл түсті гүлдері сыпыртқы тәрізді гүлшоғырына топталған. Маусым – қыркүйекте гүлдейді. Бозкілем вегетативті (өсімді) жолмен көбейеді, сонымен қатар тұқым арқылы да жақсы өседі. Жемісі көп тұқымды. Бозкілем әсемдік үшін өсірілетін және бал шырынды өсімдік. Кейбір түрлері бау-бақшаларды көгалдандыру үшін де қолданылады.“Қазақ Энциклопедиясы”
Дереккөздер
Санат:Жасаңшөптер Санат:Дәрілік өсімдіктер