Бөрілісор, Борлысор – Ертіс өзені алабындағы көл.

Географиялық орны Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Басқамыс ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км жерде орналасқан көл.

Гидрографикасы Аумағы 11,5 км2, теңіз деңгейінен 98,4 м биіктікте. Ұзындығы 5,7 км, енді жері 3,5 км, жағалау бойының ұзындығы 22,6 км. Негізінен қар және жер асты суларымен толысады. Қарашада суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Суы тұзды.

Жағалау сипаты Жанында Жарсор, Жапасор, Ақтүйесор, Сұлусор көлдері бар. Жағалауы жарлауытты, ажырық, бетеге, жусан, боз, селеу өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Павлодар облысы) көлдері Санат:Ертіс су алабы