Бұзанай құмы – Атырау облысы Исатай, Құрманғазы аудандары жерінде орналасқан құмды алқап. Солтүстігінде Қосдәулет, оңтүстігінде Мыңтөбе, батысында Батпайсағыр (Бетпақшағыр) құмдарымен шектеседі.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 15 – 17 м. Жартылай көшпелі төбешікті құм, шағыл тізбектері батыстан шығысқа қарай 60 – 70 км-ге созылған, ені 40 км-дей. Жер бедері төбелі, жалды, қырқалы келеді.

Климаты Климаты қуаң, континенттік. Қаңтардың орташа температурасы –11°С, шілдеде 25°С. Сортаң ойыстарда ыза суға толатын тұзды көлшіктер кездеседі.

Өсімдігі мен жануарлар дүниесі Шөлейт климатқа бейім жүзгін, құмаршық, еркек шөп, қияқ, жусан, теріскен т.б. шөп өседі. Жануарлардан ақбөкен, қасқыр, түлкі, қоян, қосаяқ т.б. кездеседі.Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1 Бұзанай құмы мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шөлдер Санат:Атырау облысы құмдары