Витерит – карбонаттар класының минералы. Хим. формуласы ВаСО3. Осы минералды ашқан ағылшын минералогы В.Витрингтің есімімен аталған. Ромбылық сингонияда призма немесе ине тәрізді кристалданады. Шар немесе бұршақ тәрізді агрегаттар түрінде кездеседі. Түсі ақ немесе сұр, сарғылт реңді, кейде түссіз, шыныдай жылтыр. Қатт. 3 – 3,5, морт сынғыш, менш. салм. 4,2 – 4,3 г/см3. В. кен орындарында кальцит, доломит, барит минералдарымен және қорғасын, мырыш, темір сульфидтерімен парагенездік байланыста кездеседі. В. көп мөлшерде шоғырланғанда барий кентасы ретінде пайдаланылады. Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер
Санат:Барий минералдары Санат:Карбонат минералдар