Дондығұл – Арғанаты жотасының ең биік нүктесі, жотаның орталық бөлігінде орналасқан.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерінде. Абсолюттік биіктігі 757 м.
Геологиялық құрылымы Архей және протерозойдың күшті метаморфтанған және дислокацияға ұшыраған жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Қиыршықтасты қара және қызыл қоңыр топырақты өңірлерінде тау, дала өсімдіктері (жусан, бетеге, бұталар, қарақат, сиыр бүлдірген, қайың, терек, т.б.) өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы таулары