Есіл бөгені — Есіл өзеніндегі жасанды су қоймасы.
Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км жерде орналасқан. Елді сумен қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерді суландыруға арналған. Бөгенді сумен толтыру 1982 жылы басталды.
Гидрологиялық сипаты Темір-бетон бөгеннің ұзындығы 120 м, беткі жағының жалпақтығы 40 м, биіктігі 20 м. Тәулігіне 100 м2 су жинап, оны беретін сорғылар орнатылған. Бөгеннің сыйымдылығы 1,5 млн.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5 м3, су айдынының аумағы 0,12 мың м2, ең терең жері 6 м. Суы тұщы, қарашада қатып, сәуірде ериді.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Солтүстік Қазақстан облысы гидрографиясы