Ешкіөлмес алтын кен орны — Ақмола облысы Шортанды ауданы Шортанды кентінен шығысқа қарай 45 км жерде. Кен орны ежелгі кен қазбаларының ізімен 1931 жылы ашылған.
Геологиялық құрылымы Кен орны Сілеті гранитоид массиві мен прекембрийлік шөгінді-метаморфтық жыныстардың түйіскен жерінде орналасқан.
Жатыс сипаты Кен денелері ұзындығы 40-100 м, қалыңдығы 0,5-2 м-ге (кейде 14 м-ге дейін) жететін күрделі линза пішіндес. Алтын-сульфидті кентастар 3 түрге бөлінеді: агрегаттық, желілі-сеппелі және сеппелі.
Минералдары, құрамы Кентас түзілу процесінің сатылығына қарай кобальтинді байланысты, теллур-висмутты және висмутты минералдар қауымдастығы кездеседі. Халькопирит қауымдастығы желішелер түрінде тараған. Кентастарда Au, Cu, Ag, Bі, Mo, Co, Zn кездеседі. Кен орны қоры жағынан орта кен орындарына жатады. Тотығу белдеміндегі кентас Ақсу кеніші мен кішігірім карьерлерде өндіріледі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Ақмола облысы кен орындары Санат:Қазақстан алтын кен орындары