Сергей Васильевич Вавилов (1908, Орынбор облысы,Бузулук ауданы Боровской кенті - 10.1941, Ресей, Дондағы Ростов қ.) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, дивизияның саяси жетекшісі, артиллерист. 1920 ж. Қазакстанға коныс аударды. 1926 ж. Вавилов Ақтөбе облысы Степной ауданының Алтай атындағы мектепте мүғалім болды. 1932 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылды. Әскерден босағаннан кейін Ақтөбе комсомол комитетінде, облыстық партия комитетінде қызмет етті. Мектептерде дәріс берді. Вавилов Ұлы Отан соғысы басталысымен майданға аттанды. Ол 56-армия 314-атқыштар дивизиясының саяси жетекшісі болды. Дондағы Ростов қаласы түбінде болған шайқаста ерекше көзге түсті. Осы ұрыста Вавиловтың зеңбірегі батареяның артиллеристерімен бірге оқ боратты. Жау танкілеріне зеңбірекпен оқ атып бірнеше танкіні жойып, ерлікпен қаза тапты. Бірақ олар бекінген төбе жау қолына өтпеді. Осы ерлігі үшін Вавиловқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Торалқасының Жарлығымен 1943 жылдың 22 ақпанында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-ХУказ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза начальствующему и рядовому составу Красной Армии» от 22 февраля 1943 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1943. — 23 февраля (№ 9 (215)). — С. 1

Дереккөздер

Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1908 жылы туғандар Санат:1941 жылы қайтыс болғандар