нобай|308px|Фильмге арналған 2020 жылғы Қазақстан пошта маркасы
«Атаманның ақыры» — толық метражды, екі бөлімнен құралған кеңестік көркем фильм. 1970 жылы Қазақфильм студиясы шығарған.
"Атаманның ақыры" - детектив жанрында түсірілген екі сериялы тұңғыш қазақ фильмі. Фильмнің негізгі тақырыбы - отаншылдық.
Сюжеті 1920–1921 жылдардағы Қазақстан мен Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр аймағындағы тарихи оқиғалар жайлы баяндалады. Атаман Дутов бастаған ақ гвардияшылардың әркеттері сипатталған. Ақ гвардияшы атаман Дутовтың бандасын жою туралы операция дайындалады. Оны орындау чекист Шадияровқа жүктелді. Ол атаманның штабына еніп, әбден оның сеніміне кіріп алып, өз өмірін қатерге тіге жүре берілген тапсырманы орындап шығады.
Рөлдерде Қасымхан Шадияров — Асанәлі Әшімов Николай Суворов — Виктор Авдюшко Юхан — Геннадий Юдин Нестеров — Юрий Саранцев Ахмед — Құрбан Абдрасулов Петр Кривенко — Владимир Гусев Александр Дутов — Владислав Стржельчик Ионның әкесі — Борис Иванов Абылайханов — Нұрмұхан Жантөрин Салтанат — Алтынай Елеуова
Марапаттары 1972 ж. осы фильм үшін Михалков-Кончаловскийге, Тропининге және Әшімовке Қазақстан мемлекеттік сыйлығы берілді.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:1970 жылғы Қазақстан фильмдері Санат:КСРО шытырман оқиғалы фильмдері Санат:Қазақфильм фильмдері Санат:Шәкен Айманов фильмдері