Анисим Павлович Пащенко(1.6.1913, Алматы облысы,Панфилов ауданы,Лесновка ауылы - 19.4.1945, Берлин қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушылар взводының командирі,орыс. 8-гвардиялық армияның 39-атқыштар дивизиясы 41-жеке барлаушылар ротасы барлаушылар взводының командирі. Пащенко 1944 жылы 1 тамызда Висла өзенінен өтіп, жауды траншеядан қуып шықты. Жау күшінің басымдылығына қарамастан плацдармды сақтап қалды. Осылайша дивизияның басқа бөлімдеріне өзеннен өтуге мүмкіндік жасады. Пащенкоға осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралкасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Ұрыста қаза тауып, Берлиндегі Тиргартен паркінде жерленген. Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталған.А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:Кеңес Одағының батырлары