Есмұрат Сыйқымов (1922, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ақсу ауылы - 27.9.1943, Украина, Чернигов облысы, Чернигов ауданы, Посудово деревнясы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, кіші сержант.
Соғысқа дейін Қапал кентіндегі педагогикалық училищеде оқыған. 1943 жылы күзде 74-атқыштар дивизиясының полктері артиллериялық күшті атыс даярлығынан соң жаудың қорғаныс шебінің бір телімін бұзып өтті. 360-атқыштар полкінің командирі Посудово деревнясының қасында жау бекінісіне шабуыл жасауға бел байлады. Пулеметшілер тобының командирі Сыйқымов шабуылдаушылардың алдыңғы қатарында болды. Олар деревняға басып кіріп, жаудың пулеметшілер тобын жойды. Өзі қолайлы жерге орнығып, жауга оқ жаудырды. Шабуылдаушы жауынгерлерді жау әскері оқпен жусатып салды. Жалғыз қалған Сыйқымов жаудың автоматшылар взводымен екі сағаттан артық шайқасты. Батальон шабуылға шығып, деревня азат етілді. 60-тан аса жау әскерін жойған Сыйқымов осы ұрыста қаза тапты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Сыйқымовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (16.10. 1943). Туған жері Ақсу атындағы көшелердің біріне Сыйқымов есімі берілді.А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:4 сәуірде туғандар Санат:1922 жылы туғандар Санат:Ақсу ауданында туғандар Санат:27 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1943 жылы қайтыс болғандар Санат:Чернигов облысында қайтыс болғандар Санат:КСРО кіші сержанттары Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысы жаяу әскерлері Санат:Жарақаттан қайтыс болғандар Санат:Чернигов ауданында (Чернигов облысы) жерленгендер