Әбдікәрім Ахметов (15.6.1924 жыл, Қызылорда облысы Қармақшы кенті — 14.12.1982 жыл, Алматы) — ақын.
Өмірбаяны Мәскеудегі Әдебиет институтынында оқыған (1951). Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетте (1971 — 1982 жылы) “Жазушы” баспасында аға редактор болды.
Шығармалары Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1953 Халықбек. Ертегі. А., ҚМ КӨБ, 1953 Екінші дәптер. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1955 Нан туралы сөз. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1957 Өшпеген жалын. Өлеңдер мен поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1959 Телефон. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1961 Толқындағы өмір. Өлеңдер мен поэмалар. А., ҚМ КӨБ, 1962 Салқын самал. Өлеңдер А., «Жазушы», 1966 Көктөбе. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969 Ашық аспан. Өлеңдер, ертегілер және поэмалар. А., «Жазушы», 1971 Жерұйық. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973 Тырау-тырау тырналар. Өлеңдер, ертегі-аңыздар және поэма. А., «Жазушы», 1974 Маржандария. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1976 Жапырақ жарған шақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979 Кеш жарық. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1981 “Көзайым”. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1982 “Зейнет”. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1984. т.б. өлеңдер мен поэмалар жинақтары басылды. Кейбір шығармалары орыс тілінде жеке кітап болып шықты.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Аудармалары А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, А.Т.Твардовскийдің жекеленген өлеңдерін С.Я.Маршактың “Біздің герб” (1972) Э.Межелайтистің “Таңдамалы” (1971) “Дайнаның күнделігі” (1983) Ю.Тувимнің “Өлеңдер мен поэмалар” (1969) В.Федоровтың “Ақ қайың” (1983) Л.Украинканың “Таңдамалы” (1971) Бердақтың “Әмудария әуендері” (1973, таңдамалы) жинақтарын, поляк ақыны Т.Зелинскийдің “Қазақ” (1964) корей ақыны Те Га Геннің “Жер туралы жыр” (1958) поэмасын қазақ тіліне аударған.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Қызылорда облысындағы Тасбөгет кентінің орталық көшелерінің біріне оның есімі берілген.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:15 маусымда туғандар Санат:1924 жылы туғандар Санат:Қармақшы ауданында туғандар Санат:14 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:1982 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан аудармашылары