Берқайыр Сәлімұлы Аманшин (11.11.1924, Орал облысы Қаратөбе ауданы Батпақкөл ауылы — 17.05.1985, Алматы) — ақын, драматург. Лақап аты — БалғажинПисатели Казахстана. Справочник. Алма-Ата, Жазушы, 1982, стр. 23.

1942-1953 жылдары партиялық қызметте болды. 1953 жылы ҚазПИ-ді бітірген. 1959 жылы Қазақстан Жазушылар одағы Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің жауапты хатшысы болды. 1966 жылдан - «Жұлдыз» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, Қазақ КСР Мәдениет министрлігі Өнер басқармасы бастығының орынбасары, «Мәдениет және тұрмыс» журналының әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі. 1974 жылдан - Қазақстан жазушылар одағынның әдеби кеңесшісі.

1985 жылы 17 мамырда Алматыда қайтыс болды.

Шығармалары Алғашқы “Өлеңдер” жинағы 1954 жылы жарық көрді.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9 “Жылқылы ауылда” (1956) “Бұтақтағы бұлбұлдар” (1958) “Жетісу—Жайық” (1961) “Ақбота” (1963) “Менің өмірбаяным” (1964) “Маңғыстауым менің ” (1972) “Ақ жүректер” (1975) “Жайық желі” (1987) “Құтты мекен” (1984) өлеңдер мен поэмалар жинақтары “Жан мұңы” (1968) “Көкжар” (1973) “Гүл көтерген” әңгімелер мен повестер кітаптары “Махамбеттің тағдыры” романы (1987) жарияланды. “Исатайдың семсері” (1966) “Таныстық керек” (1968) “Жылама, Дәмеш” (1972, М.Гершпен бірге) “Маңғыстау оқиғасы” (1983) пьесалары республикалық, облыстық театр сахналарында қойылған. Махамбет, Ы. Шөреков шығармаларын жинастырып, жүйелеп бастыруға елеулі еңбек сіңірді. Л.Н. Толстой, А.С. Пушкин, С. Юлаев, т.б. шығармаларын, көне орыс әдебиеті ескерткіші — “Игорь жорығы туралы жырды” қазақ тіліне аударған (1951, 1985).Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:11 қарашада туғандар Санат:1924 жылы туғандар Санат:Қаратөбе ауданында туғандар Санат:17 мамырда қайтыс болғандар Санат:1985 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан драматургтері Санат:Қазақстан жазушылары