Марат Файзуллаұлы Жақсылықов (16 наурыз 1946, Қостанай қаласы — 7 шілде 2001, Алматы) — сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы (1993).

Өмірбаяны Жаңасібір инженер-құрылыс институтын бітірген (1969).

Қазақстан Автомобиль жолдары министрлігінің Алматы қалалық жобалау институтында архитектор (1969 — 70)

Алматы қалалық жобалау институтында бас архитектор, атқарушы директор (1970 — 2000) қызметтерін атқарған.

Жақсылықов — бірнеше тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың, ескерткіштер мен монументтердің авторы. Олардың ішінде:

Қазақ академиялық драма театрын (1980, О.Ж.Баймырзаев, А.С.Қайнарбаевпен бірге) Алматының Cамал-2 ықшамауданы Желтоқсан көшесі бойындағы тұрғын үйлер құрылысын (1982, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлық) жобалауға қатысты.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965260958

Дереккөздер

Санат:16 наурызда туғандар Санат:1946 жылы туғандар Санат:Қостанайда туғандар Санат:7 шілдеде қайтыс болғандар Санат:2001 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан сәулетшілері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшілері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері