thumb| Riparia riparia
Жар қарлығашы, жағалаушы () — торғайтәрізділер отрядының қарлығаш тұқымдасына жататын кішкентай құс. Қазақстанның су айдындарында кең тараған. Өзендердің жарқабағын мекендейді. Дене тұрқы 12 — 14 см, қанатының ұзындығы 9 — 10 см, салмағы 11 — 18 г. Арқасы қоңырқай, қанаты мен құйрығы қара, бауыры ақшыл сұр түсті. Жемін ұшып жүріп ұстайды. Жерде жүре алмайды. Шықылықтаған дыбыс шығарады. Жар қарлығашы — жыл құсы. Сәуір — мамыр айында Қазақстанға ұшып келіп, жарқабақтағы індерге (тереңд. 50 см-дей, кейде 1,5 м-дей) ұялайды. Жылына екі рет көбейеді. Мамырда 3 — 8 (кейде 4 — 6) жұмыртқа салып, мекиені мен қоразы кезектесіп, 12 — 16 күн басады. Балапандары 20 шақты күнде қанаттанады. Қыркүйекте қыстау үшін Африкаға, оңтүстік Азияға ұшып кетеді. өсақ зиянкес жәндіктермен қоректеніп, пайда да келтіреді."Қазақ Энциклопедиясы"Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер
Санат:Қарлығаштар