Жарылқасын Сырманұлы, Аяған (1857, Қызылорда облысы Жалағаш ауданы, Еңбек ауылы — өлген жылы белгісіз, Қызылорда облысы Жалағаш ауданы, Еңбек ауылы) — ақын.

Оны Сыр бойының көптеген ақындары, оның ішінде Шораяқтың Омары да ұстаз тұтқан. Жарылқасынның Айқын қызбен айтысы Қазан қаласында үш рет басылған (1908, 1911, 1913). Кейін “Айтыс” жинағының (1965, 1988) басылымдарына енген. Жарылқасынның осы айтыстан басқа “Тау еліндегі туыстарға”, “Көрпелі мен Көмекке”, “Бекәліге”, “Аламесектегі тамалар”, т.б. өлеңдері бар.

Аяған — Жарылқасынның лақап аты.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:1857 жылы туғандар Санат:Жалағаш ауданында туғандар Санат:Қайтыс болған жылы белгісіздер Санат:Жалағаш ауданында қайтыс болғандар Санат:Қазақ ақындары Санат:Айтыс ақындары