нобай|250x250 нүкте|2023 жылы Қазақстанның демографиялық пирамидасы Қазақстан халқы — Қазақстан Республикасының аумағын мекендейтін барлық тұрғындардың жиынтығы. 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқы 20 075 271 құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан әлемде алпыс төртінші орында (64). нобай|250x250 нүкте|2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның демографиялық пирамидасы Қазақстандағы халық тығыздығы әлемдегі ең төмен елдердің бірі — 7,2 адам/км2. Бірінші деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің ең жоғары тығыздығы Республикалық маңызы бар Алматы қаласында — 3131 адам/км2, ең азы — Ұлытау облысында — 1,25 адам/км2 байқалады. Алайда, егер соңғы уақытта елде болып жатқан демографиялық жарылыс байқалса, Қазақстан халқының тығыздығы 6-7 есе артады. Және шамамен 49,05 адам/км2 болуы мүмкін.

2021 жылғы шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның қала халқы жалпы санының 59,2% -8, ауыл халқы — 40,8% -8 құрады . 2022 жылғы наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанның 22 қаласында 100 мыңнан астам адам тұрады, олардың 3-миллиона бір миллионнан астам халық бар. 2021 жылы халықтың болжамды өсімі 246 494 адамды құрады, бұл жалпы халықтың 1,3% құрайды. 2020 жылғы жағдай бойынша туудың жалпы коэффициенті 3,13 құрады. БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментінің орташа болжамы бойынша 2050 жылы Қазақстан халқы 40 миллионнан астам адамды құрауы мүмкін. Ал 2100-де ол 75 миллионды құрауы мүмкін.Этникалық қазақтардың елімізде туу көрсеткіші жоғары болғандықтан, қазақтар өз елінде өз халқын тез арттыра алады. Себебі Қазақстанда урбанизация өте баяу жүріп жатыр.

Егеменді Қазақстан

Тұрғындар тығыздығы Қазақстан жер аумағы үлкен (2724,9 мың км²) болғанымен халық сирек қоныстанған елге жатады. Оның аумағының сәйкес түрде 1 км²-не 5,4 адамнан келеді. Тұрғындар үшін табиғат жағдайы неғұрлым қолайлы өңірлер – Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары (Алматы қаласын қоса алғанда). Мұнда республика тұрғындарының 37,8%-ы орналасқан, тұрғындар тығызд. 1 км²-ге 16,9; 6,9 және 7 адамнан келеді. Салыстырмалы түрде тұрғындары көп келесі аймақтар – Солтүстік Қазақстан аймағы: Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарының аумағы. Мұнда ел тұрғындарының 24,8%-ы орналасқан, тұрғындар тығыздығы 1 км²-ге 5,2; 7,4; 5,7 және 6,5 адамнан келеді. Шығыс Қазақстанда республика тұрғындарының 10,2%-ы тұрады, тұрғындар тығыздығы 1 км²-ге 5,4 адамнан. Орталық Қазақстанда (Қарағанды облысы) республика тұрғындарының 9,4%-ы орналасқан. 1 км²-ге 3,3 адамнан келеді. Халық ең аз қоныстанған аудандар батыс аймақтар – Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Түркістан аймағындағы Қызылорда облысы. Мұнда бүкіл тұрғындардың 17,7%-ы орналасқан, 1 км²-ге келетін орташа тығыздығы, тиісінше, 1,9; 3,7; 4,1; 2,3 және 2,6 адамнан.

Қала және ауыл халқы 1999 жылғы санақ жүргізілген кездегі ҚР-ның әкімшілік аумағы бірлігінде 84 қала, 200 кент, 2036 ауылдық округ, 7684 ауылдық елді мекен болады. Ресми статистика мәлімет бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56%-ы қалалық елді мекендерде, 44%-ы ауылдық елді мекендерде тұрады.

Қала тұрғындары ең көп облыстар: Қарағанды (қала тұрғындарының үлесі 82,2%), Маңғыстау (78,4%), Павлодар (63,4%), Қызылорда (60,5%), Атырау (58,2%), Ақтөбе (56,2%), Қостанай (54,2%). Республиканың ең ірі қалалары – Алматы (1129356 адам), Қарағанды (43664), салыстырмалы түрде ірілері: Шымкент (360078), Тараз (330125), Астана (312965), Өскемен (310950), Павлодар (300503), Семей (269574), Ақтөбе (253088), Қостанай (221429), Петропавл (203533), Орал (195459), Теміртау (170481), Қызылорда (157364), Атырау (142497), Ақтау (143396), Екібастұз (127197), Көкшетау (123389), Рудный (109515). Қалған қалалардағы тұрғындар саны 100 мың адамнан кем.

Байырғы тұрғындардың үлес салмағы көп облыстар: Қызылорда (94,2%), Атырау (89%), Маңғыстау (78,7%), Ақтөбе (70,7%) облыстары, ең азы – Солтүстік Қазақстан (29,6%), Қостанай (30,9%), Ақмола (37,5%), Қарағанды (37,6%) облыстары) .

Көші-қон Соңғы он жылдықта олардың қалаларға көшу қарқыны жоғары болды. 1989 жылы қалада тұратын қазақтардың үлесі 38,3% болса, 1999 жылы 45,3%-ға жетті. Консулдық қызмет департаменті басқармасының соңғы мәліметі бойынша (2003) әрбір үшінші қазақ шет елдерде тұрады, олардың жалпы саны 3,5 млн. адам. Алыс шет елдерде: Қытайда – 1258500, Моңғолияда – 83000, Ауғанстанда – 28000, Түркияда – 20000, Иранда 3450; Балтық жағалауы елдерінде – 2500, Германияда – 700, Жапонияда – 400, Аустралияда – 400. Бельгияда – 28, Сауд Арабиясында 28, Норвегияда – 20, Кубада – 2 адам тұрады. Барлығы 1397028 адам. Сонымен бірге Францияда – 172, Швецияда – 51, Пәкістанда – 36, АҚШ-та – 23; Аустрияда – 18, Швейцарияда – 4, Данияда – 4 отбасы тұрады. Жақын шет елдерде 1814300 қазақ, оның ішінде Өзбекстанда – 966000, Ресейде – 687800, Түрікменстанда – 87600, Қырғызстанда – 42600, Украинада – 10500, Тәжікстанда – 10000, Әзірбайжанда – 4000, Грузияда – 3000, Молдовада – 2000, Арменияда – 500, Беларусьте – 300 адам тұрады. солға|нобай|300x300 нүкте|Халық саны жазылған Қазақстан картасы

Жас-жыныстық құрамы Қазақстанда ер балалардың дүниеге келуі басым болғанымен әйелдер саны 30 – 34 жастан бастап айтарлықтай көбейеді. 60 – 69 жаста 1,5 есе, 70 жаста 3 есе артады. Тұтастай алғанда, республикада әйелдер саны ерлерден басым.

Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. Оның жас айырмашылығы құрылымында 9 жасқа дейінгі балалар 22,0%. Ал тұтастай алғанда, 19 жасқа дейінгі жастар 43,9%; 60 және одан жоғары жастағы тұрғындар үлесі 6,1%. Орташа арифметикалық жас – небәрі 25 жас. Яғни қазақ халқының басым бөлігі жастар мен балалар.

Сауаттылық Қазақстан халқының білімділік индексі мен сауаттылық көрсеткіші жоғары деңгейде. 1990/91 оқу жылы Қазақстандағы 55 жоғары оқу орнында 287,4 мың студент оқыған болса, 1999/2000 оқу жылында жоғары оқу орындарының саны 163-ке, ал ондағы оқитындар саны 365,4 мыңға жетті. Соңғы он жылдықта жергілікті тұрғындардың білім алуында серпіліс пайда болды. Әрбір 1000 адамның 126-сы жоғары білімді. Әсіресе, студенттер санының қазақ жастары есебінен күрт өсуі 90-жылдардың басынан басталды. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарындағы қазақ студенттерінің үлесі 67%. Экономика салаларында еңбек ететіндер арасындағы жоғары және арнаулы орта білімділер үлесі айтарлықтай өсті: егер 1989 жылы 1000 адамға шаққанда жоғары білімділер саны орта есеппен 130 адам болса, 1999 жылы 212; арнаулы орта білімділер тиісінше 234 және 296 болды.

Қазіргі кезде жалпы білім беретін мемлекеттік мектептерде 3101,4 мың оқушы оқиды, олардың 1661,3 мыңы ауылдық жерлерде білім алуда. 1997 жылы республикадағы жалпы білім беретін жеке меншік мектеп саны 124 болды, онда 13,5 мың оқушы оқыды. Қазіргі кезде 3455 мектеп мемл. тілде жұмыс істейді. Онда 1530,1 мың оқушы оқиды. Сонымен бірге сабақ орыс тілінде жүргізілетін 2522 мектеп (1462,4 мың оқушы); өзбек тілінде – 78 мектеп (77,2 мың оқушы); ұйғыр тілінде – 14 мектеп (22,3 мың оқушы); тәжік тілінде – 3 мектеп (2,5 мың оқушы), украин тілінде – 1 мектеп (0,1 мың оқушы) және аралас тілде оқытатын 2112 мектеп бар. Қазақстан үшін табиғи өсім тұрғындар саны өсуінің негізгі көзі болып табылады әрі қазақ халқы өсімінің басты факторы болып қала береді. Мысалы, қазақтардың табиғи оң өсімі 1989 жылы Қазақстан тұрғындарының бүкіл табиғи өсімінің 63,5%-ын құраған болса, бұл өсім 1991 жылы – 72,4%, 1993 жылы – 88,2%, 1995 жылы – 88,0% болды. нобай|300x300px|Туу көрсеткіші

Фертильділік көрсеткіші Қазақстан өңірлері бойынша туудың жалпы коэффициенті: Маңғыстау – 3,80, Оңтүстік Қазақстан–3,71, Қызылорда – 3,42, Атырау – 3,29, Жамбыл – 3,20, Ақтөбе – 2,70, Алматы облысы – 2,65, Алматы (қала) – 2,65, Астана қаласы – 2,44, Батыс Қазақстан – 2,29, Ақмола–2.19, Шығыс Қазақстан - 2,07, Қарағанды – 2,04, Павлодар – 1,98, Солтүстік Қазақстан–1,72, Қостанай – 1,70, Қазақстан - 2,65. Осылайша, туу коэффициенті дәстүрлі және діни оңтүстік пен Батыста жоғары, ал солтүстік пен шығыста славян және неміс халқының пайызы әлі де салыстырмалы түрде жоғары екенін көруге болады.

1999 жылы жүргізілген Қазақстанның демографиясы мен денсаулық сақтау зерттеуіне сәйкес, қазақтар үшін фертильдік көсеткіш 2,5, ал орыстар үшін 1,38 құрады. 1989 жылы қазақтар мен орыстар үшін ФК тиісінше 3,58 және 2,24 құрады. нобай|280x280 нүкте|1868 жылдан бастап өмір сүру ұзақтығының графигі нобай|280x280 нүкте|Жынысқа байланысты өмір сүру ұзақтығы <br>Қызғылт-әйел, көк-еркек, жасыл-екеуін қоса алғанда

Туған кездегі өмір сүру ұзақтығы ПериодӨмір сүру ұзақтығы

ЖылдарПериодӨмір сүру ұзақтығы

Жылдар1950–195555.11985–199067.51955–196057.31990–199565.51960–196559.51995–200063.01965–197061.72000–200564.61970–197563.32005–201066.01975–198064.32010–201569.11980–198565.9

Халық саны 1950-2023 жылдардағы халық санының динамикасы19501951195219531954195519561957195819598 091 6008 131 0008 342 0008 516 0008 737 0008 892 0008 971 0009 065 0009 169 0009 294 70019601961196219631964196519661967196819699 754 80010 236 00010 723 00011 192 00011 449 00011 771 00012 047 00012 323 00012 588 00012 800 000197019711972197319741975197619771978197913 009 00013 211 00013 430 00013 637 00013 847 00014 063 00014 209 00014 349 00014 501 00014 685 000198019811982198319841985198619871988198914 858 00015 053 00015 253 00015 452 00015 648 00015 842 00016 028 00016 244 00016 332 00016 537 000199019911992199319941995199619971998199916 690 00016 793 00016 964 00016 986 00016 942 00016 679 00016 544 00015 993 00015 804 00015 000 000200020012002200320042005200620072008200914 900 00014 800 00014 851 10014 866 90014 951 20015 074 76715 219 29115 396 87815 571 50615 776 492201020112012201320142015201620172018201916 204 61716 441 95916 675 39216 911 91117 165 23917 417 44717 870 95718 226 00018 557 33718 895 567202020212022202319 131 77919 479 55219 703 15920 000 000

Демографиялық ақпараттар (1950-2022)