Жанбек Нығметұлы Сауранбаев (5 мамыр, 1940 жыл- 24 ақпан 2016) - волейболдан әлем кубогының иегері, Еуропа және КСРО чемпионы, Еуропа чемпиондары кубогының екі мәрте иегері. Өмірбаяны Әкесі Нығмет Сауранбаев - қазақ филология саласы бойынша тұңғыш ғылым докторы, академик, кезінде орысша-қазақша сөздікті құрастырып, жарыққа шығарған білікті маман. Кейіннен Қаз ССР Ұлттық ғылыми академиясының вице-президенті болды. Анасы Мария Иосифовна - шет тілдер институтының түлегі. 1963 жылы Одақтың жастар құрамасы қатарына қабылданды. Келесі жылы ерлер командасына шақырылды. КСРО құрамасы сапында көптеген жарыстарда олжаға кенелді. 1965 жылы Түркияда Еуропа чемпионы атанды. 1966 жылы Польшада әлем кубогын иеленді. Финляндия мен Мажарстанда өткен Дүниежүзілік универсиадада топ жарды. Жанбек бес жыл бойы КСРО құрамасының дәнекері (связующий) болды. Және де аталмыш мемлекеттің бас командасына қабылданған Қазақстанның тұңғыш волейболшысы. КСРО-ның ұлтаралық саясаты салдарынан Сауранбаев 1964 және 1968 жылдардағы Олимпиядаға жіберілмеді. 1968 жылы КСРО құрамасынан кеткеннен кейін барлық күш-жігерін «Буревестниктің» өсіп-өрлеуі үшін жұмсады. Сол маусымды Сауранбаев командасы екінші орынмен қорытынды. Ал 1969 жылы Одақ чемпионы атанып, одан кейін қатарынан екі рет Еуропа чемпионы кубогын олжалады. 1988 жылдан бастап, осы күнге дейін Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі.

Дереккөздер

Санат:5 мамырда туғандар Санат:1940 жылы туғандар Санат:2016 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан волейболшылары Санат:КСРО волейболшылары Санат:КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шеберлері Санат:Волейболдан Еуропа чемпиондары Санат:Волейболдан КСРО чемпиондары Санат:Алфавит бойынша волейболшылар