Алгебралық функция — P(y,x1,...,xn)=0 теңдеуін қанағаттандыратын n айнымалысынан алынған y=f(x1,...,xn) функциясы (мұндағы P — y,x1,...,xn-нен алынған келтірілмеген көпмүше), Р көпмүшесі y айнымалысының дәрежелері бойынша мына түрде жазылады: Pk(x1,...,xn)yk+Pk-1(x1,...,xn)yk-1+...+P0(x1,...,xn)=0 (мұндағы Pk(x1,...,xn),...,P0(x1,...,xn) — x1,...,xn -нен алынған көпмүше. k саны — y -ке қатысты Р көпмүшесінің дәрежесі деп аталады. k=1 болғанда Алгебралық функция қосу, алу, көбейту, бөлу амалдарымен айнымалылар арқылы көпмүшелер қатынасы түрінде былай өрнектеледі: y = P0(x1,...,xn) P1(x1,...,xn) Мұндай Алгебралық функция айнымалыларынан алынған рационал функция деп аталады.

Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы

Санат:Алгебра Санат:Функция түрлері