Бһутто, Бенәзир (; , ) (1953—2007) — Пәкістанның премьер-министрі, Пәкістан Халық Партиясының жетекшісі. Тек қана Пәкістанда ғана емес, мұсылман елдері арасында премьер-министрдің деңгейіне жеткен тұңғыш әйел.

Өмірбаяны 1953 жылы Карачи қаласында дүниеге келді. Әкесі — саясатшы, мемлекеттік қайраткер, кейін Пәкістан Халық Партиясының ұйымдастырушы әрі тұңғыш жетекшісі, Пәкістанның премьер-министрі және президенті Зүлфікар Әли Бһутто еді, анасы Иранда туған, Пәкістанға көшкен күрт еді, оның аты Нусрат Бегум еді, кейін күйеуінің Бһутто тегін, өзінің тегі ретінде алды. Бенәзир деген есім араб тілінен аударғанда «аяусыз» деп аударылады. Шынында да, марқұм Бенәзир Бһутто адал, әділет жолынан бұрылмай, мақсатынан бас тартпай, құндылықтарды өзгермеуші еді.

Жекеменшік мектепте оқып, кейін батыс жоғары білімін алып, сауатты, оқымысты адам еді.

Әкесін жолын қуып саясатпен айналысты. 1977 жылы Зүлфікар-Әли Бһуттоны билігін құлатып, өлтіргеннен кейін, Бенәзир абақтыға түседі, бірнеше жыл үйінде қамаған еді. 1984 жылы елінен көшіп кетеді.

Бірақ, 1988 жылы Пәкістан жетекшісі Зия-үл-Хақ әуе апатында қаза тапқаннан кейін, Пәкістанға оралып, сайлауға қатысады. Бһуттоның партиясы жеңіп, Бенәзир премьер-министр болып кетеді.

1990 жылы Бенәзир Бһутто биліктен кетеді, бірақ 1993 жылы премьер-министрдің орнына оралады. Бенәзир Бһуттоның билігін Пәкістан Мұсылман Лигасының Наваз Шарифтің фракциясы құлатады, билікке Наваз Шариф келеді.

1999 жылы Пәкістанның жетекшісі Первез Мұшарраф болған соң, Бенәзир елінен тағы да көшіп кетеді.

Сегіз жылдан кейін, Бһутто өміріне қаупіне қарамастан Пәкістанға қайтып, сайлауға қатысқы келеді. Бірақ сайлау үрдісі өткен кезде, 2007 жылының желтоқсанның 27-інде Равальпинди қаласында Бһутто лаңкестік актінің құрбаны болып, қаза табады. Бенәзир Бһутто Пәкістанның демократизация үрдісіне, халықтың өмір деңгейін көтеруіне, сауатын ашуына үлкен үлес қосты.

Дереккөздер

Санат:21 маусымда туғандар Санат:Карачиде туғандар Санат:27 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:Равалпиндиде қайтыс болғандар Санат:Пәкістан премьер-министрлері Санат:Гарвард университеті түлектері Санат:Саясаткер эмигранттар Санат:Пәкістан социалистері Санат:Гиннесстің рекордтар кітабының рекордсмендері Санат:Оксфорд университеті түлектері Санат:Саяси қастандықтар құрбандары Санат:Өлтірілген саясаткерлер Санат:Пәкістандағы терактілер құрбандаы Санат:Әл-Каида құрбандары Санат:Пәкістан қорғаныс министрлері Санат:Құрмет легионы ордені Үлкен крестінің иегерлері Санат:Әйел-премьер-министрлер Санат:Пәкістан әйел-саясаткерлері