200px|нобай Ұңғыманы цементтеу (; , ; ; ) — ұңғының бекітілуі мұнай-газды қабаттарды жоғарыда орналасқан басқа қабаттардан, сонымен қатар мұнайлы қабаттарды газды қабаттардан бөлу үшін, шегендеу кұбырларын жер қойнауында циркуляцияланатын минералданған сулардың коррозиялық әсерінен сақтау үшін жүргізіледі. Сондықтан да үңғымаға түсірілген шегендеу бағаналары ұңғыма қабырғалары мен шегендеу құбырлар арасындағы сақиналы кеңістікке нығыздаушы материалды айдау арқылы цементтелу қажет.

Ұңғымаларды цементтеу әдістері Ұңғыманы цементтеудің бірнеше әдістері бар. Оларға: бір және екі сатылы цементтеу, манжетті цементтеу, хвостовиктерді цементтеу, қысым астында цементтеу жатады.

Мұнай немесе газ кабаттардың орналасу жагдайларына, олардын қаныққандық күйіне, литологиялық кұрамына, өткізгіштеріне байланысты жоғарыда аталған әдістердің біреуі қолданылады.

Ұңгыманы бірсатылы цементтеу (бірциклді әдіс) - цементтеу кеңінен таралған әдісі.

Цементтеу үрдісі келесіден кұралған. Шегендеу бағансы түсірілгеннен кейін шегендеу кұбырларьн тусіргенен кейін, оны жуу арқылы цементтеуге дайындайды. Ол түсірілген кұбырлар бағанасына цементтік басын кигізіп, жууға кіріседі. Бұрғылау ерітіндісінің кұрамында тау жыныстардың сыныктары кездеспегенге дейін, яғни ұңғымаға түсетін бұргылау ерітіндісінің тығыздығы ұңғымадан шығып жаткан бұргылау ерітіндісінің тығыздығына тең болмағанша жуу жургізіледі. Жуу кезінде сорғыштың шығу жүйесінде қысымды бакылау қажет.

Ұңғыма жуулып, барлық арматура тексерілгеннен кейін (цементтік агрегаттардан цементтік басына дейінгі барлық жүйелер максмалды есептелген кысымнан 1,5 есе жоғары кысыммен тұщыландырылу (опрссовка) кажет; агрегаттар жүйелерінен тұщыландырылу кысымы 3 минут бойы сақталу кажет), ұнғымаға цементтік ерітіндіні дайындап, айдауды. Цементік қоспаны айдаудын алдында бағанаға буферлі сұйыктарды айдау ұсынылған, буферлі сұйыктар ретінде кеңінен су, NaCl, СаСЬ және т.б. тұздардың сулы ерітіндісі, NaOH сілтілері және ПАВ (сульфанол) қолданып келеді. Олар бұрғылау ерітіндісімен араласып, оны сұйылтады, ығысудың статикалык және динамикалық кернеулігін және тұтқыгрлықты төмендетеді. Буферлі сұйықтықтың мөлшері өнімді қабатқа гидростатикалык кысымның шектік төмендеу жағдайынан есептеледі. Буферлі сұйықтыкты айдағаннан кейін бағананың төменгі тығынын түсіреді. Кейін цемент коспалары мен цементті кұралдардың көмегімен цементті ерітіндіні дайындап, оны айдау кұралдарымен ұңғымаға айдайды. Цементті ерітіндіні айдағаннан кейін цементті бастан жоғарғы тығынды басады және цементті ерітінді екі тығын арасымен бағананың башмагына қарай козғалады.

Кейін иементтік ерітндіні төменге қарай басады. Бұрғылау сорғыштары сазды ерітіндіні цементтік кұралдардың олшейтін сыйымдылыктарына айдайды. Цементтік ерітіндіні ығыстыру кезінде бағанаға айдалатын жуу сұйықтығының мөлшері есептеледі. Бұл қалган 0,5...1,0 м3 жуу сұйыктығын айдау үшін бір кұралға көшіп, осы кұралдың көмегімен тығынды тіректі сакинаға отырғызу жургізіледі. Бұл момент «соққы» деп аталатын айдау барысында қысымның күрт жоғарлауымен сипатталады. «Соқкынң» көлемі жұмыс басқарушына тәуелді және әдетте 0,5...1,0 МПа аспайды. Осы сатымен цементтеу үрдісі аякталады және ұңғыма цементтік ерітінді қату үшін қажетті уақытқа және басындағы жабык крандармен тыныштыкка калдырылады.

Уңғыманы екі сатылы цементтеу келесі жағдайларда колданған жөн егер цеменггік ерітіндіні қажетті биіктікке көтеруге мүмкін болмайтын техникалық тұрғыдан қиындықтар пайда болатын болса; ұңғыманың забойында бір сатылы цементтеу жүргізу уақыты шектейтін жоғары температура болса; кұбыраралық кеңістікті (цементті үнемдеу үшін) толығымен емес, з пайдалану нысаналар арасында цементтелмеген аралык калдырып бөлшектеп цементтеу қажет болса.

¥ңғыманы екі сатылы цементгсуді жүргізу үшін, шегендеу бағанасында ұңғыма забойынан шамалы биіктікке арнайы айдау муфтасын орнату қажет. Екі сатылы цементтеудің технологаялық үрдісі келесі реттілікпен жүргізіледі. Төменгі жағы жабдыкталған және айдау муфтасы орнатылған шегендеу бағанасын ұңғымаға түсіріп, карапайым жуу арқылы цементтеуге дайындайды. Ұңғымаға түсіру алдында айдау муфтасы жер бетінде тексерілу кажет цементтеуге ұнғыманы дайындағаннан кейін сазды ерітіндінің бірінші бөлігінің есеіптелген мөлшерін айдап, төменгі цементтік тығынды түсіреді. Төменгі тығыннан кейін цементтік ерітіндінің екінші бөлігін айдайды да, екінші цементтік тығынды түсіреді, ол төменге карай сазды ерітіндісінің екінші бөлігінің есептелген мөлшерімен басылады.

Бірінші (төменгі) цементтік тығын сұйыктықтың кысымының әсерінен төмен козғалып белгілі уакыттан кейін өзінің иыктарымен айдау муфтасының төменгі цилиндрінің седлосына 4 тіреліп, сұйықтық бағанасының кысымы мен сорғыштар қысымының әсерінен стопорлы болттарды кеседі. Төменгі цилиндр өзінің төменгі кертпештерімен муфтадан шегендеуші құбырға дейінгі жалғастырғышқа тірелгенше төмен карай қозғалады. Төменгі цилиндрдің төмен қарай қозғалысынан цементік саңылаулар ашылып, бірінші (төменгі.) тығынның үстінде орналасқан цемснттік ерітінді кұбыраралық кеңістікке қарай бағытталады, ал төменгі цементгік тығын өзінің иыктарымен седлога 4 тығыз тіреліп, кысымның әсерінен бағананың төменгі бөлігін, яғни айдау муфтасынан башмакка дейін герметикалык жабады.

Осылай цементтеудін бірінші (төменгі) сатысы аякталады: цементтік ерітіндінің бірінші бөлігі бағана башмағынан белгілі биіктікке көтерілген. Осы уақытта цемеітті муфтаның цементтік саңылауларынан цементтелу үрдісінің екінші сатысы жүреді.

Екінші (жоғарғы) цементтік тығын төмен карай қозғалып, өзінің иықтарымен айдау муфтасының екінші цилиндрінің седлосына тіреліп, қысым әсерінен жоғарғы цилиндрдің стопрлы болттарын кеседі, цилиндр төмен карай қозғалып, цементтеу саңылауларын жабады, нәтижесінде «тоқта» соққысының уақыты келіп, қысым күрт жоғарлайды және бағананың цементтелуі аяқталады.

Цементтелу саңылауларының жақсы жабылуын, сонымен қатар құбыраралық кеңістіктегі цементтік ерітіндісінің кысымын серпімді сақинаның ұстап тұру беріктілігін бақылау үшін, 10 МПа қысыммен «соккы» уақытында жабылған бағананың цементтік басындағы кранды ашып, бағанадан шығып жатқан сұйықтықтың мөлшерін және басындағы кысымды бақылайды. Егер шыққан сұйықтықтың мөлшері шлам мен айдау жүйесі алып жатқан мөлшерге тең, ал кысым сұйықтық ағып шыкқанда нөлге түсетін болса, онда екінші айдау сатысы дұрыс өткен және ұңғыманы цементті кату уақытына тыныш күйінде калдырады. Цементтің кату мерзімінен кейін айдау басын шешіп, қашауы бар бұрғылау басын түсіріп, тығындарды бұрғылайды, ұңғыманы бағананың башмағындағы цементтік стаканға дейін жуып, бірінші және екінші сатыдағы цементтің көтерілу биіктігін тексереді.

Екі сатылы цементтеу әдісінде кейбір өзгерістерді жиі қолданады, мысалы, бірінші және екінші цемент бөлігінің қату арасындағы уақытты сақтап айдау жүргізеді және т.с.с. Ұңғыма оқпанының қалыпты цементтеу кезінде шамалы өнімділігі бар немесе катты дренаждалған кабаттарды цементтеу қауіпі бар, нәтижесінде ұнғыманың өнімділігі күрт төмендеуі мумкін. Бұл жағдайда мұнай және газды кабаттар шекарасындағы пайдалану бағанасының төменгі бөлігі перфорацияланған құбырлардан - сүзгіден кұралады, яғни ұңғыманың манжетпті цементтелуі жүреді.

Шегендеу баганасынан цементтеу ерітінді кұбыраралық кеңістікке сүзгінің үстінде орналасқан шегендеу бағанасының шеткі саңылауларынан түседі. Шегендеу бағанасының ішінде шеткі саңылауларьнан төмен кұбырлардың қосылған жерлерінде «тура» кақпақ орнатады, ол жоғары карай ашылыл, сұйықтыкты төменен жоғары қарай айдайды, ал сырткы жағынан воронка тәріздес манжеттерді орнатады. Манжетанын міндеті - цементке төмен қарай қозғалуға жол бермей. Манжета бұл манжетаның жоғарғы диаметрі ұңғыманың төменгі диаметрінен үлкен, биіктігі 60...70 см, эластикалық материалдан (брезент, тері немес т.с.с.) жасалған воронка.

Шегендеу бағаналарының екі сатылы немесе манжетті цементтелуін жүргізу кезінде ПДМ типті бағанаралык пакерлер кеңінен колданып келеді (ВНИИБТ конструкциясы). Бұл пакерлер 140; 146; 168 мм шегендеу бағаналары үшін резинаматалы, сонымен қатар резинаметалды тығыздаткыш бөлшектермен бірге барланып, шығарылады. ПДМ типті пакерлерді ұңғымаға шегендеу бағанасымен түсіріледі. Екі сатылы цементтеуде пакерлерді цементтеу сатылары арасында, ал манжетті цементтеуде - өнімді кабаттың үстінде орналастырады. Бірінші сатының цементтелуі (пакерден төмен) шегендеу бағанасының башмагы арқылы, ал екінші сатының цементтелуі (пакерден жоғары) - жоғарғы цементтік ығынды колдана отырып пакердің цементтік саңылау аркылы жургізіледі. Құбырарлык кеністікті шегендеу баганасынан сұйықтықты пакердің тыгыздаткыш бөлшегін үрлеу аркылы пакерленеді. Ұңғыманы манжетті цементтеуде жоғарғы цементті тығынды қолданады, aл пакерлеуді жуу сұйыктығымен немесе тампонажды ерітіндінің алғашкы бөлігімен жүргізеді.

Артқы ілмекті цементтеу екі әдіспен жүргізіледі: бөлгіш цементтік тығынмен және онсыз. Бұл жағдайда артқы ілмек бұрғылау құбырларында сол жақты оймасы бар арнайы жалғастырғыштардың көмегімен түсіріледі.

Бірінші әдіс біршама жетілген, артқы ілмектің диаметрі мен оны түсіретін бұрғылау кұбырлардың диаметрі әртүрлі болғандыктан цементтік ерітінді мен ығыстыру сұйықтығын бөлу үшін екі бөліктен құралған цементгік тығынды қолданады. Оның төменгі бөлігі хвостовик штифтердің көмегімен арнайы келте құбырға ілінеді. Жоғарғы бөлігі цементті ерігіндімен бірге бұрғылау құбырларының бағанасы бойынша қозғалады. Жогарғы тығын төменгі тығыннын санылаулары басып, оны жапқан кезінде, қысым жоғарылап, штифтер кесіліп кетеді және тіректі сакинаға дейін тығынның екі бөлігі бірге козғалады.

Алдыңғы шегендеуші бағана мен хвостовик арасындағы сақиналы кеңістіктің герметизациялануын «Герус» қондырғысын колдану аркылы жүзеге асыруға болады. Қазіргі уакытта 299x219, 245x16 және 219x146 мм өлшемді «Герус» қондырғыларын колданып келеді. Қондырғы корпустан 5, резиналы сақиналардан 8, шпонкасы 9 бар воронкалардан, шпонкалы паздар мен құлыпты муфтаның оймасы бар жалғастырғыштан 12, гайкадан 4 құралған. Резиналы сакнналар қондырғыны ұңғымаға түсіру уакытында элеватордың 11 төменгі пісірілген каптамамен 6 корғалған.

Хвостовикті түсіріп, цементегеннен кейін бұрғылау кұбырларына «Герусты» түсіріп, оны бірқалыпты тербетіп, хвостовиктің жоғарғы бөлігіне ротордың көмегімен кондырғының төменгі бөлігін арнайы муфта бөлгіштің 2 оң жақтағы оймасымен бұрайды. Қаптаманы шешу үшін кұбырларға өзінің салмағынан 40...50 кН артық кернеу береді. Егер ұңғымаға жартылай перфорациясы бар шегендеу кұбырларынан кұралған хвостовикті түсіретін болса, онда оны бағананың башмағынан емес, сүзгінің үстінде орналасқан саңылаулар арқылы цементтейді. Бұл жағдайда саңылаудың төменгі бөлігінде жоғары карай ашылатын какпакгы орнатады (тура какпақ), ал оның үстінде кері қақпақ орнатылу кажет. Оны бұрғылау кұбырларын шешіп алғаннан кейін бағанаға цементтік ерітіндінің кері түсуінен сактау үшін жасайды. Цементтеу жоғарыда айтылған әдіспен жүргізіледі.

Қысым астында цементтеуге айдау кұбырлары арқылы кері немесе жөндеу цементтелу жатады. Кері цементтелу - бұл құбыраралық кеңістікке цементтік ерітіндіні және ығыстыру сұйықтығын айдау және циркуляцияның бағанамен шығу арқылы шегендеу бағанасын цементтеу. Кері цементтеу бірсатылы цементтеу мүмкін болмаған жағдайда жәнс жұтылу кауіптілігі жоғары болғанадықтан сирек қолданылады.

Кері цементтеуде шегендеу кұбырын ұңғымаға кері какпақсыз және тіректі сакинасыз түсіреді. Жуудан кейін бағананың жоғарғы шетіне жоғары қысымды және лубрикаторлы крандары бар басын кигізеді. Басын құбыр арқылы бұрғылау қондырғысының циркуляциялық жүйесімен қосады. Ұңғыманың бағанаралық кеңіс превентормен герметизациялайды.