Құтбай Дүрбаев (Құттыбай) (25 мамыр 1906, бұрынғы Ақмешіт уезі, Өзгенттөбе ауылы — 4 қаңтар 1971, Өзбекстан, Жоғары Шыршық ауданы) — Өзбекстанда тұратын қазақ диаспорасының музыкалық-поэтикалық мұрасын жинап насихаттаушы, орындаушылық дәстүрді жалғастырушы.
Қожа руынан шыққан. Дүрбаевтың “Құтбайдың өзімен таныстыруы”, “Құтбайдың Нартайға айтқаны” деген термелерін өнер зерттеуші Т.Бекхожина жазып алып, “Қазына” этнографиялық жинағында жариялаған (1979). “Кенжеқожаның термелері”, “Кенжеқожаның ақындарға берген сыны”, т.б. Құтбайдың орындауында нотаға түскен. Оның репертуарындағы “Аю мен адамның достығы”, “Мерт болған жолбарыс”, “Кенжеқожаның 1-термесі”, т.б. “Қазақтың 200 әні” (1972), “Қазақтың музыкалық фольклоры” (1982) жинақтарына енген. Дүрбаевтың түрікмен халқының аса көрнекті ақыны Мақтымқұлының сөзіне жазылған “Сұлу” (“Қалқа”) атты әні халыққа кең танымал.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер:
Санат:25 мамырда туғандар Санат:1906 жылы туғандар Санат:Жаңақорған ауданында туғандар Санат:4 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:1971 жылы қайтыс болғандар Санат:Жоғарғы Шыршық ауданында қайтыс болғандар Санат:Өзбекстан қазақтары Санат:Қазақ жыраулары