Бугер-Ламберт-Бер заңы — бір түсті (монохромат) жарық шоғының орта арқылы өткендегі әлсіреуін анықтайтын заң. Қалыңд. І-ге тең жұтатын қабат арқылы өткен жарық шоғының қарқындылығы І0 шамадан І шамаға дейін төмендейді. Ол былай анықталады: І=І0Һе-kҺl, мұндағы k — жұту көрсеткіші, ол заттың қасиетін сипаттайды; kжұтылатын жарықтың толқын ұзындығына () тәуелді, ал қарқындылығына тәуелсіз болады. Ерітінділер үшін k=СҺ болып жазылады, С — ерітілген зат концентрациясы, — ерітілген зат (жұтатын зат) молекуласының толқын ұзынд. -ға тең жарықпен өзара әсерлерін сипаттайтын коэффициент, ол С-ке тәуелсіз. Бұл заңды тәжірибе арқылы француз ғалымы П. Бугер ашқан (1729), неміс ғалымы И.Г.Ламберт оны теориялық жолмен қорытқан (1760), ал тағы бір неміс ғалымы А.Бер ерітінділер үшін тұжырымдаған (1852). Бугер-Ламберт-Бер заңы ерітінділердің жарықты жұтуын өлшеу арқылы ерітілген заттың концентрациясын анықтау әдісінің негізіне алынған. Бугер-Ламберт-Бер заңының орындалу ауқымы кең, бірақ жарық қарқындылығы өте жоғары (мыс., импульсті лазердің фокусталған шоғы) болған жағдайда kкоэффициенті жарық қарқындылығына тәуелді болады да, бұл заңнан ауытқушылық байқалады. Пайдаланылған әдебиет “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Бугер-Ламберт-Бер заңы · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.