Үкімет басшысы — мемлекеттегі жоғарғы алқалы органының атқарушы билігінің немесе оның өзін-өзі басқаратын бөлігінің басшысы.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9

Үкімет басшысы, конституциялық құқықта — мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органының жетекшісі: парламентарийлер басқаратын елдерде — премьер-министр, министрлер кеңесінің төрағасы, канцлер; үкімет басшысы жоқ президенттік республикаларда оның атқарымын орындаушы — президент. Парламентарийлік елдерде Үкімет басшысын қызметке мемлекет басшысы тағайындайды. Әдетте не парламент сайлауында жеңіске жеткен саяси партияның көшбасшысы, не үкімет одағын құрайтын партиялар көшбасшыларының бірі Үкімет басшысы болады."Қазақ Энциклопедиясы" 9 том

Дереккөздер

Санат:Үкімет басшылары Санат:Титулдар Санат:Лауазымдар Санат:Мемлекет басшылары Санат:Мемлекет Санат:Мемлекеттік аппарат