Үлгілі Малшы — Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл, Үлгілі Малшы ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 76 км жерде, Кіші Бөкен өзенінің сол жағасына таяу тұста, Бұқтырма бөгенінің оңтүстік-батыс жағалауындағы далалық белдемде орналасқан.
+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1349 959 645 67,3 507 337 66,5 452 308 68,1
Тарихы Іргесі 1932 жылы ет бағытындағы ірі қара мал өсіру мақсатында ұйымдастырылған “Үлгілі малшы” кеңшарының және онымен аттас ауылдық кеңестің орталығы есебінде қаланған. 90-жылдардың орта кезінде кеңшардың таратылуына байланысты мұнда шаруа қожалықтары құрылды."Қазақ энциклопедиясы", 9 том
Дереккөздер
Санат:Көкпекті ауданы елді мекендері