Үшінші тұлғалар (ағыл. third persons; нем. dritte Personen (in Zivilprozell, Dritte pi) - Азаматтық іс жүргізуде - басқа тұлғалардың талабы бойынша қозғалған азаматтық істе өз құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғаушы тұлғалар.
Үшінші тулғалар екі түрге бөлінеді, олар:
дау тақырыбы жөнінде дербес талап мәлімдеушілер және мұндай талаптарды мәлімдемеушілер.
даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар бір немесе екі тарапқа талап қою арқылы бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін процеске кірісе алады.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6 Дереккөздер
Санат:Құқық Санат:Заң