Георгий Константинович Жуков — Кеңес Одағы маршалы, Ұлы Отан соғысы кезіндегі қолбасшы, төрт мәрте Кеңес Одағының Батыры.

Балалық шағы

нобай|оңға|Жас кезінде. Мәскеу, 1915 1896 жылы Калуга облысында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Он бір жастан терімен айналысатын шеберінің қолында болып, жұмыс істеген. Шіркеу мектебін және қалалық училищені бітірген.

1915 жылы Жуков әскерге алынған. Бірінші дүниежүзілік соғысында қатысқан. Атты әскер — кавалерист болып, унтер-офицер шенініе дейін әскер қатарында қызмет еткен. Соғыс аяқталған соң, Жуков әскерде қалып, қызмет етті.

thumb|left|Г.К.Жуков. 39-шы Бузулук кавалериялық полктың 7-ші Самара кавалериялық дивизияның командирі.

thumb|left|300px|Жуков 1941 жылдың қазанында. Фото «Красная звезда» деген газеттен алынған.

thumb|Унтер-офицер Георгий Жуков, 1916 жыл

Бірінші дүниежүзілік соғыс Атты әскер бөлімінде кіші унтер-офицер шенінде 1-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Ресей империясының 2-дәрежелі Георгиев кресімен марапатталған. 1918 жылы тамыз айында Қызыл Армия қатарына қосылып, Азамат соғысына қатысты, алдымен қатардағы жауынгер, кейін взвод және эскадрон командирі қызметінде болды. 1920, 1925 және 1930 жылы жоғары командирлер даярлайтын курстарда оқыды, әрі атты әскерде эскадрон, полк, бригада, дивизия, корпус командирі қызметтерін атқарды.

thumb|Георгия Жуковтың автографы

1939 жылы Халхин-Гол өзеніндегі жапондықтарға әскери операциясын басқарған. Сол кезден бастап, ол жұрт арасында әйгілі болып кетті.

Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы тамыз айында Халхин-Гол өзені бойында Жуков Кеңес-моңғол біріккен әскер тобына басшылық жасай отырып, Жапонияның 6-армиясын қоршауға алып талқандады. Осы шайқастан кейін Жапония үкіметі КСРО мен Моңғолияға шабуыл жасаудан бас тартуға мәжбүр болды. Жуковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1940 жылы ол армия генералы шенінде Киев ерекше әскери округінің қолбасшысы, ал 1941 жылы қаңтар айының соңында Бас штаб бастығы және КСРО қорғаныс халкомының 1-орынбасары қызметтерін атқарды. Ұлы Отан соғысы басталысымен Жуков Жоғары Бас қолбасшының жанындағы Ставканың мүшесі ретінде Оңтүстік-батыс майданға жіберіліп, Киев қаласын қорғауды ұйымдастырды. Бірақ Киевті жау қолына тастап, Оңтүстік-батыс майдан жауынгерлерін қоршаудан алып шығуды ұсынғаны үшін кері шақырылып, Бас штаб бастығы қызметінен түсірілді де, Резервтік әскерлер қолбасшылығына бекітілді. 1941 жылы тамыз – қыркүйек айларында Ленинград майданы әскерлері аса қиын жағдайда қалып, 10 қыркүйекте Жуков осы майдан әскерлері қолбасшылығына тағайындалды. Ол Балтық флотымен бірлесе отырып, қала қорғанысын нығайтуға көп күш-жігер жұмсады. 1941 жылы қазан айында жау әскерлері Батыс майдан әскерлері мен Резервтік әскерлердің негізгі күштерін қоршауға алып, Мәскеуге тікелей қауіп төндірді. Жуков 8 қазан күні Резервтік әскерлердің, 11 қазан күні Батыс майдан әскерлерінің қолбасшылығына бекітілді (қ. Мәскеу түбіндегі шайқас). Мәскеу түбіндегі шайқаста Жуковтың қолбасшылық дарыны жан-жақты ашылды. 1942 жылы 26 тамызда Жуков Жоғары Бас қолбасшының 1-орынбасары болып тағайындалып, Ставканың өкілі ретінде Сталинград шайқасына, Ленинград қорғанысы мен Курск шайқасына басшылық жасады. Ол 1944 жылы наурыз – мамыр айларында 1-Украин майданы әскерлерін, ал 1944 жылдың қарашасынан соғыстың ақырына дейін 1-Беларусь майданы әскерлерін басқарып, Украинаны азат етуге, Висла-Одер және Берлин операцияларына басшылық жасады.

Ал Ұлы Отан соғысынан кейін, оның аты дүниежүзілік тарихында қалды. Ұлы Отан соғысы басталғанда, Жуков генерал еді. Соғыс кезінде, ол өзіні сенімді қолбасшы, әскери стратег, ержүрек адам ретінде көрсетті. Жуков Бас штабының басшысы, Жоғары қолбасшысы (Сталинның) орынбасары еді. Жуков басқарған Мәскеу маңындағы шайқасы, Ленинград блокадасының жоққа шығарылуы, Курск шайқасы, Днепр арқылы өтуі, Беларусьта, Берлин маңында болған қақтығыстар Кеңес Одағына үшін сәтті өтті. 1944 жылы Жуков 1-ші Беларус майданының қолбасшысы болып тағайындалды. Берлин алуының ізеті оған берілген. Оң жағынан Жуков басқарған майданын Константин Константинович Рокоссовский басқарған 2-ші Беларус майданы қорғаған. нобай|оңға|Жуков пен Рокоссовский нобай|оңға|Жуков Германияның капитуляциясы туралы актіге қол қоюда, 1945 1945 жылының мамыр айының 8-ші жұлдызында Жуков фашист Германияның шартсыз капитулияциясы актына Кеңес одағы жағынан қол қойды. 1945 жылының маусым айының 24-ші жұлдызында Мәскеу қаласының Қызыл алаңында Жеңіс шеруін қабылданған.

Ұлы Отан соғысынан кейін нобай|оңға|1945 жылғы 24 маусымдағы Мәскеуде өткен Жеңіс Парадында Жуков 1945 жылы маусым – 1946 жылы наурыз аралығында Германиядағы кеңестік әскери әкімшілік басшысы, әрі сондағы кеңестік әскерлердің бас қолбасшысы қызметінде болды. 1946 жылы маусым – шілде аралығында құрлықтағы әскерлердің бас қолбасшысы және КСРО Қарулы күштері министрінің орынбасары қызметін атқарды. 1946 жылы шілде айында жазықсыз айыпталып, орнынан алынды да, алдымен Одесса, кейіннен Орал әскери округтерін басқаруға жіберілді. 1953 жылы наурыз айынан КСРО қорғаныс министрінің 1-орынбасары, 1955 жылдың ақпанынан КСРО қорғаныс министрі болды. 1957 жылы әскер қатарынан босап, құрметті демалысқа шықты. нобай|оңға|Конев, Рокоссовский және Жуков. 10 қазан, 1955 жыл.

Берияны үкіметтен шығарып, қамытып, Хрущевқа билікке келуіне көмектескен. 1955 - 1957 жылдары КСРО-ның қорғаныс министрі болған. нобай|оңға|Қорғаныс Министрі болған шақ. 1957 жыл. Бұл сурет қызметтен шеттетілместен бұрын түсірілген. Жеңіс маршалы Жуков 1956 жылындағы Мысырдағы Суэц кризисінде де өзіні дарынды қолбасшы ретінде көрсетті. Хрущевтың билігі күшейткен соң, ол Жуковты басқа да партияның белді дейтін қайраткерлерімен бірге (Молотов, Каганович, Шепилов, Булганин) оны зейнеткер қылып, демалысқа жіберді. нобай|оңға|Маршал Жуковтың "Естеліктер мен ой–толғаулар" ("Воспоминания и размышления") кітабы (алғашқы супермұқабалы басылым). 1969 жыл, Мәскеу, АПН (Агентство печати Новости) баспасы. Сол кезде Жуков «Воспоминания и размышления» деген кітапты жазған. Қазақ тіліне бұл кітап әлі де аударылмаған. нобай|оңға|Соңғы суреті нобай|оңға|Георгий Жуков күлі салынған қабырғадағы қабір. Кремль қабырғасы, Мәскеу 1974 жылы 18 маусымда қайтыс болып, Мәскеудегі Кремль қабырғасына жерленді. КСРО-ның 6 рет Ленин, Қазан революциясы, 3 рет Қызыл Ту, 2 рет 1-дәрежелі Суворов, 2 рет “Жеңіс” ордендерімен және 18 шет ел ордендерімен, сондай-ақ, көптеген медальдермен марапатталған. нобай|оңға|Жуков ордені (Ресей Федерациясы) 1994 жылы Жуковтың даңқына Ресейде Жуков ордені пайда болды.

Шығармалар Шығармалар: Воспоминание и размышления М., 1969.Қазақ энциклопедиясы, 4 том; Әдеб.: Карпов В., Маршал Жуков, М., 1989; Павленко Н.Г., Размышление о судьбе полководца, М., 1989. П. Белан

Маршал Жуков туралы

Дереккөздер

Санат:1 желтоқсанда туғандар Санат:1896 жылы туғандар Санат:Жуков ауданында (Калуга облысы) туғандар Санат:18 маусымда қайтыс болғандар Санат:1974 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Кремль қабырғасындағы зиратқа жерленгендер Санат:Фрунзе атындағы Әскери академия түлектері Санат:Кеңес Одағының маршалдары Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Жеңіс орденінің иегерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қазан төңкерісі орденінің иегерлері Санат:Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Суворов орденінің иегерлері Санат:Ленинградты қорғағаны үшін медалінің иегерлері Санат:Мәскеуді қорғағаны үшін медалінің иегерлері Санат:Сталинградты қорғағаны үшін медалінің иегерлері Санат:Кавказды қорғағаны үшін медалінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медалінің иегерлері Санат:Жапонияны жеңгені үшін медалінің иегерлері Санат:Берлинді алғаны үшін медалінің иегерлері Санат:Варшаваны азат еткені үшін медалінің иегерлері Санат:Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскерінің XX жылдығы медалінің иегерлері Санат:Әулие Георгий орденінің белгісінің иегерлері Санат:МХР батырлары Санат:Республика орденінің (ТХР) иегерлері Санат:Сухэ-Батор орденінің иегерлері Санат:Қызыл Ту орденінің (Моңғолия) иегерлері Санат:Жапонияны жеңгені үшін (МХР) медалінің иегерлері Санат:Халкин-Гол Жеңісінің 30 дыл медалінің иегерлері Санат:Моңғол Халық Республикасына 50 жыл медалінің иегерлері Санат:Моңғол Халық Әскеріне 50 жыл медалінің иегерлері Санат:Польша Өркендеуі орденінің жұлдызды командорлық крестінің иегерлері Санат:Польша Өркендеуі орденінің командорлық крестінің иегерлері Санат:Virtuti Militari орденінің Үлкен крестінің иегерлері Санат:I дәрежелі Грюнвальд Кресті орденінің иегерлері Санат:1939-1945 Варшава үшін медалінің (Польша) иегерлері Санат:Одра, Ниса және Балтика үшін медалінің (Польша) иегерлері Санат:Жеңіс үшін Ақ арыстан орденінің иегерлері Санат:1 дәрежелі Ақ арыстан орденінің (ЧССР) иегерлері Санат:1939 Әскери крестінің (Чехословакия) иегерлері Санат:Азаттық орденінің (Югославия) иегерлері Санат:Қытай-кеңес достығы медалінің иегерлері Санат:Құрмет легионы орденінің Үлкен крестінің иегерлері Санат:Бани орденінің Үлкен крестінің рыцарлары Санат:Құрмет легионы орденінің (басқолбасшылар) иегерлері Санат:Беларусь мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:КСРО армия генералдары Санат:Ұлы Отан соғысындағы майдан қолбасшылары Санат:Германияға қарсы әскерлер бас қолбасшылары Санат:Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының бастықтары Санат:Жеңіс саябағы (Мәскеу) Санат:Төрт мәрте Кеңес Одағының батырлары Санат:КСРО мемлекеттік гербі алтынмепн бейнеленген құрметті қарудың иегерлері Санат:Гарибальди медалінің иегерлері Санат:КСРО қорғаныс министрлері Санат:Кеңес әскері Бас штабы бастықтары Санат:Ленинград майданы тұлғалары Санат:1-ші Украина майданы тұлғалары Санат:Одесса әскери округі қолбасшылары Санат:Орал әскери округі қолбасшылары Санат:Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар Санат:Ресейдегі Азаматтық соғысқа қатысушылар Санат:Халкин-Голдағы ұрыстарға қатысушылар Санат:1956 жылғы Мажарстан көтерілсін басуға қатысушылар Санат:Ржев шайқасының қатысушылары Санат:Жеңіс шеруі қатысушылары Санат:Германиядағы Кеңес әскери әкімшілігінің бас қолбасшылары Санат:КОКП ОК Саяси бюросы мүшелері Санат:КОКП ОК мүшелері Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО мемуаршылары Санат:Калуга облысының құрметті азаматтары Санат:Малоярославтың құрметті азаматтары Санат:Георгий Жуков Санат:Белгородтың құрметті азаматтары Санат:Киев әскери округі қолбасшылары Санат:КСРО ІІМ құрметті қызметкерлері Санат:КОКП XIX съезінің делегаттары Санат:КОКП XX съезінің делегаттары Санат:Украин КСР Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылымының депутаттары Санат:Ақша бірліктеріндегі тұлғалар Санат:Пошта маркаларындағы тұлғалар