ВАЛЬЦТЕУ — темір шыбықтарды немесе тілкем дайындамаларды штампта (дайындамаға қарсы бағытта айналатын шыңдағыш талқыларда) деформалау (суретті қ.). Вальцтеу дайын бөлшектерді (мысалы, компрессор қалақшалары, т.б.) алу, сондай-ақ дәл дайындамаларды одан әрі штамптау үшін қолданылады. Вальцтеу ыстық вальцтеу және суық вальцтеу болып ажыратылады. Дайындамаларды ыстық вальцтеу кең тараған. Онда турбина қалақшалары мен компрессорлар штампталады. Ал суық вальцтеу процесі арқылы алынған дәл қалақшалар механикалық өңдеуден өткізуді қажет етпейді. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том Дереккөздер
Санат:Өндіріс