Бұрма — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Бұрма ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Бұғылы тауының етегiнде, аудан орталығы Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстiк-батысқа қарай 64 км-дей жерде, темiр жол бойында орналасқан.
Тарихы Іргесі 1957 жылы қаланған. Округ аумағында өткен ғасырдың 1940-57 жылдары аралығында «Карлаг»-тың бөлімшелері орналасты. 1957-90 жылдары Бұрма кеңшарының және ауылдық кеңестiң орталығы болды. Шаруашылығының мамандандырылған негiзгi бағыттары – көкөнiс өсiру, қосымша саласы – сүттi iрi қара өсiру. Жерiнiң жалпы аумағы 124 мың га. Кеңшар негiзiнде 57 шаруа қожалығы құрылған (2006).
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен12411218 894 73,4 618 452 73,1 600 442 73,7
Инфрақұрылымы Округтің елді мекендерінде (Бұрма, Мұхтар ауылдары ) 2 мектеп, отбасылық дәрігерлік амбулатория, ФАП, клуб, кiтапхана бар. Ауыл басқа елдi мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Сәкен Сейфуллин темір жол бекеті 12 км жерде.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы елді мекендері