Еспетұз – Сарыарқаның солтүстік-шығыс шетіндегі Ащысу өзені алабындағы көл.
Географиялық орны Павлодар облысының Май ауданы жерінде. Баянауыл тауының солтүстік-шығысында, теңіз деңгейінен 213 м жоғары орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 10,52 км2, ұзындығы 5,3 км, ені 3,2 км. Кезінде Баянауыл етегінен басталатын Еспе өзені құйған, қазір өзен Еспетұзға жетпей тартылып қалады. Қар және жер асты суымен толығады. Қараша — сәуір айларында мұз қатады. Жағасы жайпақ. Суы тұзды. Көктемде мал ішеді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том
Дереккөздер
Санат:Баянауыл ауданы көлдері