Абай — Түркістан облысы Келес ауданындағы ауыл, аудан орталығы (05.06.2018).
Географиялық орны Облыс орталығы – Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 224 км-дей, Келес өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1545417700 23510 132,8 8608 11861 137,8 9092 11649 128,1
Тарихы Іргесі Ишанбазар жәрмеңкесі негізінде 19 ғасырдың аяғында қаланды. 1934-60 жылдары Абай – базар деп аталған. 1939-93 жылдары Келес ауданының орталығы болды. Абай ауылында ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін көп салалы өнеркәсіп, 6 орта мектеп, мәдениет үйі, емхана, нан зауыты, т.б. мекемелер жұмыс істейді. Ауыл қазір даму үстінде. Жаңа жеке кәсіпорындар ашылып жатыр. Бұл жерлер тұруға қолайлы болғандықтан, адамдар саны күннен күнге артып келеді.
Дереккөздер
Санат:Келес ауданы елді мекендері Санат:XIX ғасырда құрылған елді мекендер