Тұзкөл — Іле алабындағы көл.

Географиялық орны Алматы облысы Райымбек ауданы жеріндегі Кеген өзенінің сол жағалауында, Қарасаз ауылынан шығысқа қарай 12 – 14 км жерде орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 1951 м биіктікте жатыр.

Аумағы Аумағы 6,6 км2, ұзындығы 5,7 км, енді жері 2,1 км, жағалауының ұзындығы 16,6 км, тереңд. 0,3 м, жауын-шашын мол жылдары және көктем мен күз айларында деңгейі 0,5 – 0,6 м-ге дейін көтеріліп, аумағы 8,5 км2-ге дейін ұлғаяды.

Жер бедері, гидрографикасы Жағалауы жайпақ, батпақты, суы ащы. Көктемде және қыста мал суаруға болады. Шығыс жағалауының батпақты-сазды жерінде қамыс, құрақ қалың өскен. Қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Жағалауы жайылым.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Дереккөздер

Санат:Райымбек ауданы көлдері Санат:Іле су алабы